Ағылшын тілін үйрететін үздік видеосабақтар

Ағылшын тілін үйрететін үздік видеосабақтар
Фото: roditelji.hr/

Видеосабақ – кез келген істі тез игерудің жақсы тәсілі. Ал бүгінгі тіл үйрену дәуірі жүріп тұрған шақта ағылшын тілін үйрететін видеосабақтардың маңызы зор. Маңыздылығы сонша, олардың саны тым көп. Қайсысын таңдарымызды да білмей жатамыз. 

English with Jennifer

Ағылшын пәнінің оқытушысы 400 видеосабақ ұсынады. Грамматика, айтылуы, аудит жүргізу, тесттер, мысалдар, тапсырмалар. Әрқайсысы кезең-кезеңге бөлініп, қарапайымнан күрделіге ауысады.

Puzzle English

Бейнесабақта оқытушылар әртүрлі идиомалардың қолданылуын, тілдегі бірыңғай жағдайларды (исключение) күнделікті өмірден алынған қызықты мысалдармен түсіндіреді. Қазір сәнде болып жатқан әндерді, бағдарламалар мен сериалдарды талдау арқылы көрерменді қызықтырады. 

EngVid

Басқа каналдарға қарағанда ең көп видеосабақ ұсынады, яғни 900-ден астам видеодәріс бар. 11 оқытушы дыбыстауымен өтеді. Оның әрқайсысы 5-10 минутқа созылады. Өзекті жаңалықтар, қызықты деректер, өмірлік жағдайлар қозғалады. Грамматикалық сабақтары да бар.

BBC Learning English

Әлемге әйгілі BBC арнасының сабақтары. Ол тіл білу деңгейін көтеруге бағытталған. Басқаларына қарағанда контенттің ең көп түрін ұсынады: грамматика, жаңалықтар, дұрыс сөйлеуді үйрету, музыка клиптері, сұхбат. Күн сайын жаңа ролик шығып отырады. Қызықтарды жіберіп алмаңыздар!

@. @assel_assanova