Google RISE: мектептердегі білім бастамаларын қолдау

Google RISE: мектептердегі білім бастамаларын қолдау

30 қыркүйекке дейін Google RISE 2013  өз бағдарламасы бойынша мектептердегі ғылым мен техника саласындағы әуесқой зерттеушілердің өтініштерін қабылдай бастайды. Бағдарламаның басты мақсаты - технология, бағдарламалау, математика және информатика салаларындағы тың бастамаларға қолдау көрсету. Google компаниясы  бастауыш және орта мектептегі аталған салалардағы ізденушілерге жыл сайын 5000-нан 25000 АҚШ доллары аралығында сыйақы тағайындайды.

Өткен жылы бұл гранттарды Америка, Еуропа және Африка елдерінен, оған қоса, Ұлыбритания, Дания, Австрия, Румыниядан 32 ұйымға үлестірген. Биылғы жылы Google RISE бағдарламасы бойынша, әлемнің 6 құрлығының 243 елінен үміткерлер өз өтініштерін жаза алады. Оның ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстаннан да өтініштер қабылданбақ. 

Өтініштер 30 қыркүйекке дейін қабылданса, жеңімпаздар 2013 жылдың қаңтар айында анықталмақ. Өтініштердің формасын мына жерден қарап толтырсаңыз болады: www.google.com/edu/rise/application.html

сурет: google.com

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет