Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / «Мәдениет» арнасы – 1 жаста!

«Мәдениет» арнасы – 1 жаста!

«Мәдениет» арнасы – 1 жаста!

Мәдени-танымдық бағытта ақпарат тарататын «Мәдениет» арнасы бүгін 1 жасқа толып отыр. Арна 2011 жылы 26 қыркүйекте «Қазақстан» РТРК АҚ жанынан ашылып, өз жұмысын бастап кеткен еді. 

Көрермен көзайымына айналып үлгерген «Мәдениет» арнасы ұжымы ұлттық салт-дәстүрді сақтап, мәдени мұра мен рухани құндылықтарды жаңғыртып отыруға ден қойған. Үздік деп танылған отандық әрі шетелдік дүниетанымдық деректер арқылы көрерменнің талғамын көтеру де шығармашылық топтың айқын мақсаты. Сонымен қатар, отандық телеөндіріс кеңістігінде бұрын-соңды болмаған, қазақы нақышта өрілген көптеген ток-шоулар, музыкалық және драмалық қойылымдар, өнегелі телехикаялар бір жылдың ішінде өз көрерменін таба білді. Опера және балет бағдарламалары, телеспектакльдердің де берілуі сәтті бастама болғанын аталған арнаның әр көрермені растайды. «Өркениет», «Қыл қалам», «Ғасырлар пернесі», «Ақ сарай», «Сол жылдар», «Алтын көмбе», «Кітапхана», «Әлі есімде» бағдарламаларының қазақ телеөндірісіне әлі де берері көп. Естеріңізге сала кетсек, «Мәдениет» арнасын спутниктік, кабельдік және ғаламтор желілерінің пайдаланушылары көре алады. Жасқа толған мерейтойымен құттықтап телефон да соқтық.

Назгүл Сарыбаева, «Мәдениет» арнасының бас редакторы:

- Дәл осы күні тура бір жыл бұрын арнамыз Үкіметтің арнайы жобасы ретінде дүниеге келді. Бұл бірақ қазақ мәдениетінің өрлеуі, кең түрде наихатталуы мақсатында ашылған игі бастама болатын. Бүгін кешкі сағат 18.30-да жасқа толған мерейтойында біздің шығармашылық топ көрерменге арнайы жоба ұсынбақ. Онда еліміздің, жеріміздің ұлттық құндылықтары көрсетіледі. Көрерменге дәл осындай жолмен сыйлық жасамақ ниеттеміз.  

 Дайындаған: Ардақ ҚҰЛТАЙ

Сурет: madeniet.kaztrk.kz 

2631 7
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 12:00
Пікірлер
+0
26 қыркүйек 2012, 11:37

мен барып, қатысқам бір бағдарламасына, сайттан көруге болады

+0
26 қыркүйек 2012, 12:00

құтты болсын!

+0
26 қыркүйек 2012, 12:03

Бұл арнаны көрмейді екем, ашылды деп естідім, қандай қызықты өзіндік бағдарламалары бар екен? ;)

+0
26 қыркүйек 2012, 13:06

«Өркениет», «Қыл қалам», «Ғасырлар пернесі», «Ақ сарай», «Сол жылдар», «Алтын көмбе», «Кітапхана», «Әлі есімде» бағдарламалары. тұр ғо

+0
26 қыркүйек 2012, 12:31

Берері көп арна деп ойлаймын, қазақи салт дәстүрді жақсы насихаттайды

+0
26 қыркүйек 2012, 13:07

иә, қазақи

+0
26 қыркүйек 2012, 13:16

ҚҰттықтаймын! "Ғасырлар пернесі" бағдарламасына қатысқанбыз оркестрмен. Рухани құндылықтарымызды жаңғыртуға атсалысып жүрген осындай арналар көбейе берсе екен.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері
Димаш Құдайбергенов – қазіргі Қазақстан шоу-бизнесінің революционері

Димаш Құдайбергеновтың миллиардтар мекендеген аспан асты елінде бәрінен бәсі...

Енді не болмақ
Енді не болмақ

«Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ – Осы болар таза ақыл өлді демек»- деген екен...

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...