Қытайлар адам сүтін сиырдан алса, америкалықтар ешкіден алмақ

Қытайлар адам сүтін сиырдан алса, америкалықтар ешкіден алмақ

Тағы да Калифорния университетінің ғалымдары керемет жаңалық ашып отыр. Алда-жалда осы бір жаңалық жүзеге асып жататын болса, онда жер бетіндегі балпанақтай сәбилер жасанды сүт ішпейтін болады. Бұл туралы "Росбалт" хабарлайды.

Соңғы кезде сол жақтың сиырлары адам сүтіне ұқсас өнім (сүт) бере бастапты. Дер кезінде зертханаға алып барып, салыстып көрген зерттеушілер сиыр сүтінің адам сүтінен анау айтарлықтай айырмашылықтары жоқ екенін байқаған. 

Қазіргі уақытта зерттеушілер адам сүтін ешкілерден шығарамыз деп әлек. Онсыз да ешкілердің осы күнге дейін сүтімен ерекшеліп келгені анық. Егер ешкі сүтінің химиялық құрамы адам сүтімен ұқсас болып шығып жатса (сынақтан кейін), жылдың жақсы жаңалығы осы болмақ. 

Зерттеушілер адам сүтінің құрамында кездесетін энзим мен протеиндерді ешкі сүтінен шығарып көреміз деп отыр. Ендігі жылы-ақ ешкілер адам сүтін шығара алады-мыс.

Естеріңізде болса, ертеректе қытайлар адам сүтін беретін сиырлар өсіріп жатыр деген қауесет тараған болатын. Қытайлар малдың ДНҚ-на адамның гендерін енгізген екен-міс.

сурет:newsland.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига