Әлемдегі барлық адамдар бір тілде сөйлейді

Әлемдегі барлық адамдар бір тілде сөйлейді
Фото: olimp-in-yaz.ru

Еуропаның және Американың халықаралық тіл мамандары күтпеген нәтиже көрсеткен зерттеу жүргізді. Ғалымдардың пайымдауынша, түп төркінінде барлық адамдар бір тілде сөйлейді екен.

Зерттеушілер арнайы бағдарламалар құрастырып, олардың көмегімен 3700 түрлі тілден 100 базалық сөзге анализ жүргізді. Қорытындысы бойынша ол жер бетіндегі барлық тілдердің 62%-ын құрды. Зерттеу нәтижесі дүние жүзіндегі барлық тілдердің жасырын түбірлері бар екендігін көрсетті.

Адамдар ұлтына және тұратын жеріне қарамастан айтқан кезде тек сол дыбыстарды ғана қолданатын базалық сөздер болады. Ғалымдар бұл қасиеттің бүкіл адамзат үшін әмбебап екендігін айтады. Бұл сөздің дыбысталуы мен оның мағынасының арасындағы байланыстың кездейсоқтық емес екендігін дәлелдейді.

Қазіргі уақытта тіл мамандары неліктен бұлай екендігіне нақты жауап бере алған жоқ. Олардың болжамынша бұл әмбебап дыбыстар балаларға басты дыбыстарды жаттауға көмектеседі. Сондай-ақ осылайша, адамзат санасының ерекшеліктері байқалуы мүмкін. Әзірге бұл тек болжамдар ғана.

Дереккөз: 24.kz

Ө. Сансызбай