Латынша-қазақша афоризмдер

Латынша-қазақша афоризмдер
Фото: www.zastavki.com

Афоризмдер (бізше нақыл сөздер не мақал-мәтелдер) негізінен халықтың өмірінен, тіршілік жағдаятынан, өмір сүру тәжірибесінен алынады. «Сөздің көркі – мақал» деп тегін айтылмаса керек. Біз өткен жолы ағылшындардың афоризмдерін ұсынған едік. Енді бүгін латынша афоризмдерге кезек берсек. 

Vita brevis, ars longa. Өмір – қысқа, өнер – мәңгі. 

Historia est magistra vita. Тарих – өмірдің ұстазы. 

Non scholae sed vitae discimus. Біз мектеп үшін емес, өмір сүру үшін оқимыз. 

Bis dat qui cito dat. Кім тез берсе, екі есе береді. 

Repetitio est mater studiorum. Қайталау – оқу анасы. 

Amicus Plato, sed magis amica veritas. Платон – менің досым, бірақ шындық қымбат.

Una hirundo ver non facit. Бір қарлығаш көктем жасай алмайды. 

Tempora mutantur et nos mutamur in illis. Уақыт өзгереді, біз де уақытпен бірге өзгереміз. 

Si vis pacem, para bellum. Бейбітшілікті қаласаң соғысқа дайын бол. 

Scio me nihil scire. Мен тек ештеңе білмейтінімді білемін. 

Qui tacet, consentire videtur. Үнсіздік – келіскеннің белгісі. 

E fructu arbor cognoscitur. Ағаш жемісіне қарай білінеді. 

Est modus in rebus. Әр заттың өз өлшемі бар. 

Duobus certantibus tertius gaudet. Екі адам жанжалдасса – үшіншісі қуанады. 

Non est fumus absque igne. Отсыз түтін жоқ. 

Homo homini lupus est. Адам адамға – қасқыр. 

Labor recedet, bene factum non abscedet. Қиындық кетеді, ал қайырымды іс қалады. 

Vox populi — vox Dei. Халықтың дауысы – Құдайдың дауысы. 

In vene veritas. Шындық кінәда. 

Qualis dominus, tales servi. Қожайыны қандай болса, қызметшісі сондай. 

Si vox est — canta! Егер сенің даусың болса – ән сал! 

Barba crescit, caput nescit. Шаш ұзын, ақыл қысқа. 

Amicus cognoscitur in amore, more, ore, re. Дос – махаббатынан, мінезінен, сөйлеуінен, ісінен танылады. 

Labores gigunt hanores. Еңбек құрмет туғызады. 

Fortes fortuna juiat. Бақ батылдарға көмектеседі. 

Nemo omnia potest scire. Ешкім бәрін біле алмайды. 

Ibi victoria ubi concordia. Келісім бар жерде жеңіс бар. 

Vivere est cogitare. Өмір сүру – ой кешу. 

Epistula non erubescit. Қағаз қызармайды. 

Experentia est optima magistra. Тәжірибе – үздік ұстаз. 

Lupus non mordet lupum. Бөрі бөріні таламайды. 

Amor vincit omnia. Махаббат бәрін жеңеді. 

Si vis amari, ama. Сүйікті болғың келсе – сүй. 

Ira furor brevis est. Ашуда қысқа уақыттық кек бар. 

Abussus abussum invocat. Кедейлік ешқашан жалғыз келмейді. 

Littera scripta manet. Жазылған нәрсе қалады. 

Legem brevem esse oportet. Заң қысқа болу керек. 

Ad impossibilia nemo obligatur. Мүмкін емеске ешкім міндеттей алмайды. 

Aquila non captat muscas. Қыран шыбын ауламайды. 

Cras amet, qui nunquam amavit quique amavit cras amet. Бүгін ешқашан сүймеген ертең сүйсің, ал сүйген ертең де сүйсін. 

Credo, quia verum (absurdum). Сенем, бұл – шындық (бұл – сандырақ) 

Ж. Жұмағұлов