Тілбұзарлық. "Уже", "давай", "вообще" сөздерінен қашан құтыламыз?

Тілбұзарлық. "Уже", "давай", "вообще" сөздерінен қашан құтыламыз?
Фото: bookmate.com

Тіл дегенде аласұратын қаймана қазақтың өзі де шұбарлыққа баратынын көп аңғара бермейді. Соның бірі өзге тілдердің қолданыстағы кірме сөздерін сол қалпында пайдалану. Әсіресе орыс тілінен енген «давай», «уже» сынды сөздерді күнделікті тұрмыста қолданып жатамыз. Бұл – мән беруге тұрарлық мәселе. Өйткені бүгіннен тіл тазалығын ескермей, болашақта тілді сақтап қалу қиын. Сонымен Есбол Махисов есімді азамат сөздердің тура баламаларын ұсынып отыр:

Все таки – сонда да;

Как раз – дәл;

Значит – демек;

И так – сонымен;

Ужас – сұмдық, ойбай;

Да ну – мәссаған;

Прикол – қызық;

Вообще – тіпті;

В общем – тоқ етері;

За что – не үшін;

Не за что – себепсіз;

Ну как – қалай;

Уже – ендігі;

Удачи – сәттілік;

Взаимно – Сағанда;

Желаю – тілеймін;

Давай – жақсы, бер, тездет т.б.

Пока – көріскенше;

Желание – ынта;

Аппетит – тәбет;

Хоть – әйтеуір;

Хотя бы – сәл;

Всякий – бәрі;

Возможность – мүмкіндік;

Каждый – әр (каждый- әркім, каждый день-әр күн, каждый раз-әркез)

Малейший – кішкене;

Разный – әркелкі;

Чуть – аз ғана;

Мера – шама;

Едва – сәл ғана;

Теперь – енді;

Привет – салем; 

Никто – ешкім;

Ура – алақай;

Заказ – тапсырыс;

Дәулеттен: Просто – әшейін;

Жолымбеттен: Давай – кәне, кәнекей.

Өз тілімізде таза сөйлеу бәріміздің борышымыз!

М. Ақан