Қызылжарлық оқушы - астрономиядан өткен халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері

Қызылжарлық оқушы - астрономиядан өткен халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері

Қызылжар қаласының оқушысы Вадим Усик астрономия мен астрофизикадан өткен алтыншы халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды  zakon.kz. 

Айта кететін болсақ, Рио-де-Жанейро қаласында жалғасын тапқан олимпиада үш кезеңнен тұрды: сұрақтарға жауап, астрономиялық анализ бен практикалық жаттығу. Осы жылы әлемнің 29 елінен 200-ге жуық адам қатысыпты. 

Қола жүлде иесінің сөзіне сенсек, Олимпиада есептері қиын болып көрінгенімен, өте қатты қызықтырса керек. "Мен үшін үш кезеңнің ішінде аспан денелерімен жұмыс жасау өте қатты ұнады. Ауа-райы алдын ала жоспарлағандай керемет болып тұрды. Сонда да ең қызықтысы аспан денелеріне қарау болды. Оның ішінде аспан денелеріне жатпайтын бөгде денелерге де..." - деп Вадим Усик олимпиададан алған әсерімен бөлісті. 

Дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-лицейінің  директоры Константин Рыб Вадимнің болашағынан жарқын үміт күтетінін айтуда. Бразилия төрінде дені студент жастар қатысқан білім додасында өз оқушысының қола жүлдеге ие болғанын мақтаныш көріп отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, дарынды оқушыларға арналған интеллектуалдық жарыс желтоқсан айында Бангладеш қаласында өтетін болады.

сурет:dokonline.com

Дайындаған: Фараби  Бақыт

Л. Лига