Мектеп оқушыларына құлаққағыс: "Энергия тиімді Қазақстанды" қалай елестетесіздер?

Мектеп оқушыларына құлаққағыс: "Энергия тиімді Қазақстанды" қалай елестетесіздер?

Мектеп оқушыларына "Энергия тиімді Қазақстан" (Энергоэффективный Казахстан) атты тақырып бойынша сурет салуға мүмкіндік беріліп отыр. Ең үздік болып танылған сурет Астана қаласының көшелерінде билбордқа ілінетін болады. Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (ИЖТМ) хабарлап отыр, деп  Tengrinews.kz ақпарат таратуда. 

Айта кетсек, суреттерді қабылдау уақыты 1 қыркүйектен 22 қазан айына дейін созылады. Ал жарыс жеңімпаздары дүниежүзілік энергия сақтау күнінде, яғни 12 қараша күні белгілі болады. Жоғарыда айтып кеткендей, жеңімпаздың қылқаламынан шыққан өнер туындылары билбордтарға ілініп қана қойылмай, үздік суретшілерге жоғары технологиялы Ipad 2 немесе Ipad 3 планшеттері табыс етіледі. 

Қалыс қалмаңыздар!

Сурет:munaigaz.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига