Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Құмырсқаның жаңа түрі Нью-Йорк қаласында өмір сүріп келіпті

Құмырсқаның жаңа түрі Нью-Йорк қаласында өмір сүріп келіпті

Құмырсқаның жаңа түрі Нью-Йорк қаласында өмір сүріп келіпті

Нью-Йорктің Бродвей көшесінде, яғни Манхэттеннің жоғарғы батыс бөлігінде адамзат баласына беймәлім болып келген құмырсқаның жаңа түрі табылып отыр.  Бұл туралы ИА «Қазақстан-Жаңалықтар» хабарлайды. 

Солтүстік Каролин университетінің профессоры, атақты ғалым, биолог Роб Данн Колумбия университетіне дәріс оқуға барған. Көп уақыттың бір бөлігін қаладағы алты аяқтылардың тыныс-тіршілігіне жұмсаған профессор 13 мыңға жуық құмырсқаның ешбір тұқымына ұқсамайтын жаңа түрлерін ұшыратқан. 

Әзірше ғылымға, адам баласына белгісіз болып келген құмырсқаларға жаңа атау берілмей отыр. Бір қызығы, америкалық құмырсқаның тұқымдастарынан гөрі еуропалық тұқымдастарға көбірек ұқсайтындықтары айтылуда. Алайда, ерекшеліктері де жоқ емес. Мәселен, басқа бауырластарға қарағанда бұл құмырсқалардағы көміртек мөлшері тіптен көп болып шықты. 

Тиісінше ғалымдар осы бір тіршілік иелерінің немен қоректенетіндіктерін зерттеуде. Бродвейдің жоғарғы бөлігінде орналасқан аулаларда (үй алдындағы кішкене бау-бақша) өмір сүретіндіктері анықталып отыр. 

Айта кетсек, құмырсқа тұқымдастары Антарктида мен бірнеше аралдарды санатқа алмағанда әлемнің кез келген жерінде тіршілік құруда десек, артық айтқандық емес. Бүгінгі таңда жер асты тіршілік иелерінің биомассасының 10-25 пайызы құмырсқаларға тиесілі. Және құмырсқалардың ұйымшылдығы мен қоныс аудара алатын қасиеттері  жер бетінен жойылып кетпейтіндіктерінің дәлелі іспетті. 

сурет:dempy.livejournal.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

4196 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2012, 12:36
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...