Ағылшын тіліндегі мезгіл атаулары

Ағылшын тіліндегі мезгіл атаулары
Фото: gcfirst.org

Оқушылар мен студенттер үшін жазғы демалыс басталып кетті. Ендеше демалысты бос өткізбеген абзал. Ол үшін алдағы үш айға жоспар құра біліңіз. Нақты мақсат пен міндетіңізді айқындап тізіп шығыңыз. Ол тізімге ағылшын тілін үйренуді де қоссаңыз құба-құп.

Ағылшын тілін үйренуді алғаш бастап жүргендер үшін сөздік қор қажет екені анық. Ауызша тілдесудегі сөздік қорды байытудың басты бір жолы – мезгіл атауларын жаттау. Олай болса төмендегі сөздерді жаттап, жадыңызда сақтап алуға кеңес береміз.

yesterday morning — кеше таңертең
yesterday — кеше
last night — кеше кешке
this morning — бүгін таңертең
today — бүгін
tonight — бүгін түнде
tomorrow morning — ертең таңертең
tomorrow — ертең
tomorrow night — ертең түнде
the day after tomorrow — бүрсігүні
in the morning — таңертең
in the afternoon — күндіз
in the evening — кешке
last week —өткен аптада
last month — өткен айда
last year — өткен жылы
this week — осы аптада
this month — осы айда
this year — осы жылы
next week — келесі аптада
next month — келесі айда
next year — келесі жылы
the previous day — алдыңғы күні
the previous week — алдыңғы аптада
the previous month — алдыңғы айда
the previous year — алдыңғы жылы
the following day — келесі күні
the following week — келесі аптада
the following month — келесі айда
the following year — келесі жылы
now — қазір
at once / immediately — бір демде
right away / straight away — демде; тап қазір; тура
soon - жақында

Ө. Сансызбай