IT-университетінің студенттері Robocon- 2012 жарысында

IT-университетінің студенттері Robocon- 2012 жарысында

Қазақстандық студенттер әлеуетті робот құрастырушылар жиналатын Robocon-2012 интеллектуалды олимпиадаға қатысады. Ол 19  тамыз күні, Гонконгта өтеді және аталған олимпиадаға әлемнің 16 елінен келіп қатысады.

Халықаралық IT-университетінің студенттері Шыңғыс Сақыпкерей, Андрей Пак және Ғалымжан Мұсағалиев түрлі бұйрықтарды орындайтын робот жасаған. Оның салмағы 50 килограмм екен. Болашақ инженерлер аталған роботты ЖОО-ға қарасты тәжірибе зертханасында құрастырған. Айта кетсек, студенттер конкурсқа қатысты барлық талаптарды орындап, өте қысқа мерзім ішінде автоматты роботты құрастыра алған. Өткізілген сынақ нәтижелеріне студенттердің көңілдері толған. 

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттері төтенше жағдайларды анықтауға және жапа шеккендерге көмек көрсетуге арналған ұшқышы жоқ ұшақ жасап шығарған болатын. ҚБТУ студенттері осы жобаны 2012 жылдың маусым айында Австралияда өткен Microsoft Imagine Cup-қа өз ұсынып, үздік 20 жасап шығарушы өнертапқыштар қатарына енген еді. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: ayampenyek.blogspot.com, lhu.edu.vn
Ж. FM