Жұмағұлов: Грант нәтижелері 15 тамызда анықталады

Жұмағұлов: Грант нәтижелері 15 тамызда анықталады

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелері 15 тамызда анықталады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссияның отырысы кезінде мәлімдеді.

«Қорытынды нәтиже 15 тамыз күні жарияланатын болады. Ал конкурстық жұмысты тамызыдың оны күні аяқтаймыз», - дейді Жұмағұлов.  

Естеріңізге сала кетсек, кеше, 6 тамыз күні республикалық комиссия грант тағайындау жұмыстарын бастаған болатын. Биыл грант иеленуге 67 985 түлек өтініш білдірген. Өз кезегінде,  2012-2013 академиялық жылына бөлінген гранттар саны 34 315-ті құрайды. 

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: azbyka.kz

Ж. FM