Журналистика туралы афоризмдер

Журналистика туралы афоризмдер
Фото: engel-zimmermann.de

"Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі" деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, әлемдегі, айналадағы, оқиғаларды хабарлап отыратын, қоғам мен үкіметті байланыстыратын сала – журналистика.

Сонау Юлий Цезарь кезеңінен келе жатқан журналистика уақыт өткен сайын ауқымы кеңіп, жаңа қыры ашылып келеді. Әр заманның ойшылдары осы ұғымға өзінше анықтама берген. Астарлы ойларды сіз де оқып көріңіз.

Журналистика – жол-жөнекей жазылатын әдебиет. Арнольд Мэтью

Ойыңа бірде-бір ой келмесе де, оны қағазға түсіре білгенде ғана, журналист боласың.

Тарихшы – көбіне өткенді саралушы журналист. Карл Краус

Журналист талантты болса, науқасы да қатты болады. Ауруынан жартылай айыққан журналист – сыншы. Ал егер журналист осы сырқаттың созылмалы түріне шалдықса, жазушы болғаны.  В.Лебедев

Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады. Н.Михалковский

Журналист – өз газетінде сараланатын жазушы. Адриан Декурсель

Сияның 99 пайызы – су. «Пшекруй»

Интервью – көркем шығармашылықтың бір түрі. Сұхбат алушыдан қанатты қиял мен композициялық шеберлік талап етіледі. Маргарет Атвуд

Жазу қиын, бірақ мүлдем жазбау одан да қиынырақ болар еді. Тадеуш Бреза

"Адамды ит қауып алыпты" деген жаңалық емес, 
"Адам итті қауып алыпты" десең, жаңалық. Чарлз Андерсон Дейла

Әдебиетті екі рет оқып түсінесің, ал журналистиканы бір-ақ рет оқығанда түсінуге болады. С.Конолли

Тақырыптар оқиғаны екі еселеп жеткізеді. Джон Голсуорси

Г. Берік