Электронды әдіспен некеге тұру тиімді

Электронды әдіспен некеге тұру тиімді

Қызылорда облысында электронды әдіспен некеге тұруға өтініш білдірген 100-жұп тіркелді. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлап отыр.

Қазір бойдақтардың ғаламтор желісі арқылы некеге тұруына да болады. Жастардың интернет арқылы танысып, олардың арасынан өздерінің өмірлік серіктерін кездестіріп жатқандары таңсық дүние емес. Яғни, бұл күйеу жігіт пен қалыңдыққа жасалып отырған тамаша мүмкіндік десек болады.

Жақында қызылордалық Серік есімді жігіт электронды байланыс арқылы некеге отыруға өтініш берген. Бойдақ жігіттің сөзіне сенсек, www.egov.kz сайтының «некені тіркеу» жаңа қызметі шалғай ауылда тұратын ағайындар үшін өте қолайлы әдіс болып саналады екен.

Айта кетсек, Серік пен Әйгерім интернет арқылы өтініш білдірген облыс бойынша 100-жұп. Енді бірер күнде олардың өтініштері қанағаттандырылады. Жалпы, бұл еліміздегі азаматтық хал актілерін тіркеу қызметіндегі ғана емес, электрондық үкіметтегі де тың жаңалық болып отыр.

Дамыған шет елдерде бұл тәсіл бірнеше жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Мамандардың ойынша, онлайн тәсілімен құжат рәсімдеу қазіргі қым-қуыт заманда уақыт үнемдеудің ең бір тиімді тәсілі болмақ.

Сурет:inform.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига