Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Вундеркинд: Акрит Джасвал - жеті жасар хирург

Вундеркинд: Акрит Джасвал - жеті жасар хирург

Вундеркинд: Акрит Джасвал - жеті жасар хирург

Акрит Джасвал - әлемдегі ең ақылды бала. Оның IQ - 146 және ол Индия елінде өз заманындағы ең ақылды адам лауазымына ие. Ол өзінің ерекше қабілетін медицина ғылымын меңгеруге бағыттаған. Акрит жеті жасында өмірінде алғашқы рет хирургиялық жәрдем көрсеткен. Оның алғашқы емделушісі көршінің қызы болды. Қолын күйдіріп алып, енді жұдырығын жаза алмайтын қызға медицинадан әсіресе хирургиядан мүлдем хабары жоқ Акрит операция жасап, алғашқы пациентіне саусақтарының қозғалғыштығын қайтарған. Осы оқиғадан соң жас бала 2000 жылы Chandigarh College-де дәрігер мамандығын игеруді шешеді. Қазір Джасвал Индия ЖОО-ларындағы ең жас студент.

Бүгінде Джасвал Акрит, рак ауруына қарсы дәрі табуға талпынып жатқанын айтады. 

Жалпы статистика бойынша, сәби алғашқы сөздерін 1,5-2 жасында айта бастайды, ал американдық Майкл Кевин Кирни алты айлық кезінде өзіне тіпті дұрыс диагноз қоя білген. Ол педиатрға "менің сол құлағым инфекцияланған" деген. 

Кирнидің алты жасарлық құрдастары мектеп есігін енді ашып атқанда, американдық вундеркинд университетке түсу үшін емтихан тапсырып жүрді. 10 жасында Майкл геология бойынша ғылыми дәрәже алды, ал сәл кейінірек медицина ғылымдары мен антропология шыңдарын бағындыруға кірісті. Ол сонымен қатар кәмелеттік жасқа жетпей жатып, университет профессоры атанды және ол әлі күнге дейін білім беру тарихында ең жас оқытушы болып саналады. Алғашқы рет 17 жасында сабақ берген. 

Алайда, айтарлықтай академиялық жетістіктеріне қарамастан, Майкл Кевин Кирни ғылымға қызмет етуші мансабынан бас тартып, өзінің білімі мен дарынына тиімді іс тапты. 2006 жылы 22 жасар Кирни "Алтын безгек" онлайн-квестінде жеңіске жетіп, миллионер атанды. Сондай-ақ, ол 2008 жылы "Миллион кімге бұйырады" ойынында 1  миллион АҚШ долларын иеленді.

Жалғасы бар

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: copypast.ru, mediainform.am

7752 2
Рейтинг: +1

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 26 шілде 2012, 12:58
Пікірлер
+0
26 шілде 2012, 18:19

өз IQ-імді анықтамасам :) ал Акритке әңгіме жоқ, біртуар!

+0
16 тамыз 2012, 15:05

Қазақстанда да сондай вундеркииндтер бар ма екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

"Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?"

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...