Медуза тәріздес тіршілік иесі табылды (видео)

Медуза тәріздес тіршілік иесі табылды (видео)
Фото: www.wired.com

Қашықтан бақыланатын су асты аппараты Атлант мұхитының 1277 метр тереңдігінде (Анголы елінен алыс емес жерде) желбірегіштері ірілеу келген тіршілік иесін видеоға түсіріп алды. Ғалымдардың айтуынша, бұл медуза тұқымдасы болуы мүмкін.

Теңіз түбінде тіршілік ететін құбыжықты мұнайшылар түсіріп алған. Олар видеотаспаны Саутгемптондегі (Ұлыбритания) ғалымдарға зерттеу мақсатында жіберді.

Британиядағы Ұлттық мұхиттану орталығының ғалымдарының мәліметіне орай, медуза тәріздес құбыжық Bathyphysa conifera синофорлары қатарына жатады. Синофорларға коралл, медуза және бірнеше су асты тіршілік иелері кіреді. 

Ж. Өрісбай