Ғалымдар Швейцария ірімшігінің құпиясын ашты

Ғалымдар Швейцария ірімшігінің құпиясын ашты
Фото: www.barstoolsports.com

Бүкіл әлемге таңдаулы дәмімен танымал болған Швейцария ірімшігінің тесіктері неден пайда болады? Бұл туралы ойланып көрдіңіз бе? Бір қызығы, мұның жауабын бүгінге дейін еш ғалым нақты білмеген екен. Соңғы жүз жылда тесіктердің пайда болуына қатысты пікірлер әртүрлі теорияның қалыптасуына алып келген. Еуропалық ғалымдар Швейцария ірімшігінің құпиясын ашуды мақсат етіп, арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіпті.

Тарих беттеріне көз жүгіртсек, 1917 жылы америкалық ғалым Уильям Кларк ірімшіктегі тесіктердің пайда болуына бактериялардың себеп болатынын айтқан екен. Белгісіз бактериялар ірімшіктің ішінде көмірқышқыл газының қалыптасуын үдетіп, нәтижеде тесіктердің үлкеюіне септігін тигізеді. XX ғасырдың басында бұл теория бүкіл әлемге танымал болып, көптің қолпашына ие болады. Бүгіннің өзінде де біршама ғалым Кларк теориясының дұрыс екенін айтады.

Швейцарияның мемлекеттік ауыл шаруашылығы саласының зерттеу орталығы соңғы 15 жылда ірімшіктегі тесіктердің саны азайғанын анықтады. Олардың көлемі де тым кішірейіп кеткен. Айта кетсек, сиырды сауу кезінде сүтке шөптің микроскопиялық бөлшектері түседі екен. Ірімшікті дайындау кезінде сүттің құрамындағы шөптің молекулалары биомисті үдерісті жүргізіп, ірімшіктің тесіктерін қалыптастырады. Ал қазіргі кезде сиырды арнайы аппараттардың көмегімен сауатындықтан, құрамына шөптің молекулалары түспейді. Нәтижесінде дәстүрлі бейнеге ие ірімшіктер дайындалудан қалған. Мінеки, енді сіздер де Швейцария ірімшіктерінің жүзжылдық құпиясын білесіздер.

Ж. Өрісбай