Балық жауатын күн

Балық жауатын күн

Әлемдегі таңғалмайтын, еш қайран қалмайтын жұрттың бірі Гондураста өмір сүріп жатыр. Себебі, аталған өлкеде жылда көктемнен жазға өткен немесе ауысқан шақта "балық жауыны" дейтін күндер өтеді. Бүкіл халықтың мазасын кетіріп, сәл-пәл қорқытқаны болмаса, былайынан алғанда азыққа бір кенелтіп тастайтын шақ...

Соңғы кездегі ақпараттарға сенсек, табиғаттың осы бір қылығы жылына екі рет қайталана бастапты. Оған себеп Кәріб теңізінен бастау алатын долы жел мұхиттағы бүкіл балық атаулыны көтеріп алып, жолында кездескен елді-мекендерге тастап кететін болып шықты.

Табиғатың осынау қылығының басты куәгерлері - Йоро қалашығының тұрғындары. Әрине, оларға салса балықтың суда аман-есен тіршілік құрып жүргені керек. Бірақ, табиғат өз дегенін жасап қана үйренген ғой. Оның үстіне төбеден жауын орнына балық жауып жатса, кімге ұнай қойсын...

Суреттер: datelinzo.com

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига