Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Әр төртінші қазақстандық кітап оқымайды

Әр төртінші қазақстандық кітап оқымайды

Әр төртінші қазақстандық кітап оқымайды

Қазақстанның он алты қаласынан 2307 адам қатысқан сауалнама барысында әр төртінші қазақстандықтың кітап оқымайтыны анықталды (сауалнаманы қоғамдық-саяси институт жүргізген). Соның ішінде сұхбаткерлердің көбісі жылына бір-екі ғана кітап (40,1 пайыз) оқиды екен. Ал қалған 13,3 пайызы күнделікті кітап оқуға арнайы уақыт бөліп отыратын болып шықты...

Әлеуметтанушылар сұхбаткерлер арасында еркектерге қарағанда (71,7 пайыз) кітап оқуға деген әйелдердің ынтасы жоғары екенін (77,6 пайыз) анықтады. Соған сәйкесінше сауалнама жүргізушілер "кітапты күнде оқимын" деген жауап негізінде кітапты ең көп оқитын қалалар тізімін жасап шығарды. Көш басында Қызылжар қаласының (күнде кітап оқитындар саны 22,5 пайызға жеткен) тұрғындары болып шықты. Одан кейінгі кезекте Алматы (19 пайыз), Астана (18,9 пайыз) қалалары тұр. Ал тізімнің қарама-қарсы бетінде сауалнама барысында анықталғандай кітап оқуға қызықпайтын тұрғындары бар Тараз жұртшылығы (19,9 пайыз) орын алған.  Оған ілесе Қостанай (18,2 пайыз), Атырау (16,7 пайыз) қалалары тізімді жалғастырып кете береді... 

Және бір анықталғаны, қазақстандықтардың көбісі детектив жанрындағы кітаптарды (сауалнамаға жауап бергендердің 16,6 пайызы) оқиды екен. Одан кейінгі қатарда тарихи (11,5 пайыз), махаббат (әйелдерге қатысты) жайлы (10,6 пайыз) кітаптар. 

Сосын Қазақстанның көп бөлігінде хобби жайлы, іскерлік жайлы әдебиеттермен (7,4 пайыз) қатар қазақ классикасы (7,3 пайыз) үлкен сұранысқа ие. Ал әлемдік әдебиет пен биографиялар аз қызықтыратын болып шықты. 

Ең аз көрсеткішті орыс әдебиеті (3,4 пайыз), балалар әдебиеті (3,7 пайыз), поэзия (3 пайыз), фантастика (4,1 пайыз) жинады.

Интернеттің дамығанына қарамастан, баспадан шыққан кітаптарға деген сұраныс әлі де жоғары (75,2 пайыз) екен. 

Сурет:studybook.com.ua

Дайындаған: Фараби Бақыт

2656 4
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 10 шілде 2012, 18:41
Пікірлер
+0
11 шілде 2012, 10:04

Қостанайдағы 18,2 пайызға мен де кіретін шығармын. Соңғы кезде мүлдем кітап оқымайтын болыппын, ұят-ай. :oops:

+0
11 шілде 2012, 11:36

Бұрын кітап оқымасам ұйықтай алмайтынмын, жақсы кітап болса соны таң атқанша оқи беретінмін, ал қазір....қазіргіміді айтпай-ақ қояйын :oops: Барлығы заман талабына байланысты, қазір көп адамдар кітап оқуға уақыт таба бермейді

+0
11 шілде 2012, 13:10

Оңтүстік қайда

+0
11 шілде 2012, 14:16

соған қарағанда оңтүстік оқитын болып шықты ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...