Ит-педиатр зейнетақыға шықты

Ит-педиатр зейнетақыға шықты

Хазел есімді ит-педиатр зейнетақыға шығып отыр. Енді Американың ең атақты дәрігерінің орны ойсырап қалмақ.

Калифорния штатының Сакраменто елді-мекенінде балаларға арналған аурухана бар. Шағын ғана аурухананың анау айтарлықтай артықшылығы жоқ. Бірақ, бар да сияқты. Себебі, аталған ауруханада Хазел есімді ит-педиатр жұмыс істейді. Таңның атысынан кештің батысына дейін балаларға қолдан келген көмегін аямайтын адамның досы бүкіл штаттың мақтанышына да айналып үлгерген-ді.

Енді міне Хазел зейнатақыға шығып отыр. Күні бүгінге дейін науқас балалардың көңілін аулап, табылмас ермегіне айналып шыға келген өте мейірімді дәрігердің орны ойсырап қалары анық. Амал жоқ, өзі де кеткісі келмейді. Оның үстіне егде жаста еңбегінің қызығын көріп жатқанға не жетсін.

Ең алғаш рет балалардың көңілін табу мақсатында ойламаған жерден жұмысқа кірген-ді. Содан тасы өрге домалап, бүкіл штатта ең бірінші ит-педиатр атанды. Шыны керек, осы бір итті көрсе балалардың көңілі көтеріліп, марқайып қалатын...

«Ұлы дәрігерді» аурухана қызметкерлері мен кішкентай балалар зейнетақыға құрметпен шығарып салып отыр. Енді Хазел Трейси Обл есімді иесінің қол астына қайта барады. Баяғы  есік алдындағы көк майсада аунап-қунап жататын кездерді қайта бастан өткеретін шығар. 

Cуреттер: novostiua.net

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига