Гүлдер де ұялады дегенге, сенесіз бе? (Видео)

Гүлдер де ұялады дегенге, сенесіз бе? (Видео)

Табиғат-Ана тіршілік иелерінің әрқайсына қайталанбас, адамға тән даралық қасиет берді. Бұл тірі жануарлар әлеміне де, өсімдіктер әлеміне де қатысты. Мысалы, жануарлар адам секілді ұйықтап, тамақ іше алады. Ал өсімдіктерде адамға тән қандай қасиет бар? Олар жарықсүйгіш, жылуды жақсы көреді. Оған қоса, олар аса сезімтал. Мәселен, мимоза гүлінің тітіркенгіштік қабілеті басым. Оның жапырағы не сабағы өзге күшті сезсе, өздігінен жиырылып, "ұялып" қалады. Сөзіміз айғақты болуы үшін мына бейнебаянды тамашалаңыздар. Ойыңызды айтып, әсеріңізбен бөлісе отырыңыз.

Сурет: azu1.facilisimo.com

Е. Жұмабайұлы