Әр он алтыншы хирург өлгісі келеді...

Әр он алтыншы хирург өлгісі келеді...

Америкалық әр он алтыншы хирургтың өлгісі келеді... Осы бір ақпарат зерттеу барысында анықталып отыр. Зерттеу Мэйо ауруханасының  бас маманы Тэйт Шанафелттің жетекшілігімен өтті.

Шанафелттің қол астындағы тобы сегіз мыңға жуық хирургтан сауалнама алған. Жалпы сауалнаманың мақсаты хирургтердің суицидке қалай қарайтындығы және сұрақ барысында олардағы эмоциялық күйініп кетудің қаншалықты екенін анықтау болған. Анықталғандай, Американың хирургтері қатты жабығу мен торығудың үстінде жүреді екен. Сонымен қатар өмірден әбден жалығып, баз кешіп кеткілері келетіндіктерін жасырмаған. 

Анонимдік сауалнама барысында белгілі болғандай, жыл соңына дейін 6,3 пайызға жуық хирургтардың өздеріне қол жұмсап өлгілері келген. Ал 16,2 пайызға жуығы суицидтің жолдарын қарастырып көрген.

Осы бір дерттің жалғыз себебі де анықталды. Операция барысында науқасты өлімнен құтқара алмау хирургтердің жанына батып, қайғыларының арта түсуіне себеп болады екен. Ал операциялары сәтті өтетін хирургтердің 5,4 пайызы ғана аталған дертке шалдығатын болып шыққан. 

Сурет: sobiratelzvezd.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига