Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Мектеп оқушысы кітап оқи алмайды

Мектеп оқушысы кітап оқи алмайды

Мектеп оқушысы кітап оқи алмайды

Венаның (Австрия)  әр бесінші төменгі сынып оқушысы мәтін оқи алмайтын болып шықты. Нақтысын айтсақ, мәтінді оқыған күннің өзінде, мағынасын түсіну  қиынға соғады екен. 

Аталған зерттеу өткен жылы да Венада өткен-ді. Ол кездегі қорытынды бойынша, Австрияның төменгі сынып оқушыларының 20,5%-ы мәтінді оқуға келгенде қиындықтарға тап болатыны жайында көрсеткіш орнаған. Биылғы жылғы тестілеудің қорытындысы да оңып тұрғаны шамалы.

Осы жылғы тестілеуге төртінші сынып пен сегізінші сынып арасында оқитын 31 000 оқушы қатысыпты. Қалалық мектеп кеңесінің президенті Сюзанна Брандштайдль өткен жылғымен салыстырғанда биыл кішкене болса да өзгеріс барын, алайда аталған өзгерістің түкке тұрмайтынын, білім саласында нақты бір шешімдерге бару керектігін айта кетті. 

Бір қызығы осы жылғы тестілеу барысында өте жақсы көрсеткішке ие болған - иммигранттардың балалары. Олар өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда әлдеқайда жоғары нәтижеге қол жеткізе алған. Бұны Сюзанна немен түсіндірерін білмеді. Себебі, иммигранттардың балалары бірінші кезекте тілмен алысады, сосын барып қана мәтінді оқуға кіріседі емес пе? Сонда да жергілікті оқушылардан үздік болып шыққаны сауалды басқа жақтан іздеу керектігін аңғартады... Және Австрияның мектеп оқушыларының деңгейі жоғары сыныпқа өткен сайын төмендей береді екен.

Сурет:feodosia.net

Дайындаған: Фараби Бақыт

3856 7
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 13 маусым 2012, 19:15
Пікірлер
+0
13 маусым 2012, 22:45

бұлардың мұғалімдері барма жоқ па, не оқытады екен сонда :shock:

+0
14 маусым 2012, 08:30

Қазақстан халықтың сауаттылығы жағынан әлем бойынша 10-орынға ие екен. Австрия - 21-орын. Бірақ мына мақаладағы мәліметтерді оқып кәдімгідей күмәнданып қалдым^_^'

+0
14 маусым 2012, 12:49

Біз шынында да сауатты елміз, ол жағына мына көздерім жеткен*!

+0
14 маусым 2012, 12:54

қазақты жастары көп оқу керек...сыртқа шығуы тиіс

+0
14 маусым 2012, 15:26

бұрын мектепте жүргенде менің бір сыныптасым 9-сыныпта өзінің фамилиясын дұрыс жаза алмайтын, ал әріптерді ежелеп оқитын. Қазір ол медицина саласында қызмет етіп жүр...Осындайларды көріп жағаңды ұстайсың! :(

+0
14 маусым 2012, 18:38

Қазақстанда білім беру нашар ғой

+0
14 маусым 2012, 18:44

Тәртіп болмаған жерде білім болмайды. Әл Фараби. Біздер тым еркінсіп кеткенбіз...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Цифрлы журналистика
Цифрлы журналистика

Технологиялардың дамуы журналистикаға да жаңа серпін әкелді...

ҰБТның алаңдатар сұрақтары
ҰБТның алаңдатар сұрақтары

Гранттан айырылып қалмау үшін нені ескеру керек? Шығармашылық емтихан туралы

Автор: Диана Рахым

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...