ҰБТ-ның алғашқы 8 күндік қорытындысы

ҰБТ-ның алғашқы 8 күндік қорытындысы

ҰБТ-ның алғашқы 8 күндік қорытындысы бойынша, емтиханға кірген 116 550 үміткердің ішінен тек 3 оқушы ғана 125 балл жинаған, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі.

116 550 үміткер қатысқан тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсеткен Астана қаласының түлегі Қысиқова Әсел, алматылық Ким Кирилл және Алматы облысы, Қарасай ауданы Абай атындағы гимназия мектебінің түлегі – Айдарова Әсем болып отыр.

Сонымен қатар емтиханнан 100 балдан жоғары алған түлектердің жалпы саны 10 662–ге жеткен. Бұл барлық түлектердің 9,2 пайызы ғана.  Айта кетсек, Қазақстан барлық аймақтарынан биыл ҰБТ-ға қатысу өтінішін білдірген 120178 оқушының бүгінде 116 550-сы ҰБТ-ға қатысты. Оның ішінде 101 түлек тәртіп бұзғандары үшін тестілеуден шығарылды.

Естеріңізге сала кетсек, ҰБТ 1-15 маусым аралығы 154 арнайы жабдықталған пунктте өтеді.

Сурет: kstnews.kz

Дайындаған: Ғани Тұрғымбеков

Ж. FM