Жасушалық калькулятор - ғылымдағы төңкеріс

Жасушалық калькулятор - ғылымдағы төңкеріс

Зерттеушілер тірі жасушаның ішінен логикалық схема жасап шығарды. Ол болашақта қосу функциясын қапысыз атқара алады-мыс.

Зерттеу М. Фуссенегер зертханасында жасалды. Бір қызығы, қондырғының сүтқоректілердің бір ғана жасушасынан тұратындығы. Әрі кез келген логикалық жұмыстарды орындай беретіндігі.

Ал зерттеушілерге келсек, бұл арада жасанды логикалық байланыс ойлап тапқан-ды. Және сыртқа шығатын ақпараттар логикалық операторлардың көмегімен орындалады-мыс. Содан соң келіп жеткен нәтижесіне байланысты логикалық процесс жүзеге асырылады екен.

Зерттеудің бір қиындығы ұқсас элементтерді (келіп жеткен ақпаратқа байланысты үйлесетін) табу болатын. Алайда, зерттеушілер бұның да орайын келтірсе керек. Швейцариялық ғалымдар молекула-генетикалық логикалық вентильдерді (флоретин полифенолының сигналдары) ойлап тапқан. Аталған құрылымның бірден үшеуін қолданысқа енгізген. Бірі қосу операциясын жүзеге асырған. Нәтижесінде екі компонент келіп қосылғанда  флюоресценттік ақуыз өндіріліп, жасуша жарыққа бөленеді.

Логикалық вентилдерьдің комбинацияларының арқасында зерттеушілер тірі жартылай оқушылық пен жыртылай сумматорлық (кез келген калькуляторда болатын логикалық схема) ұқсастықтарды байқады. Бір ерекшелігі, электронды жұмыс жасайтын калькуляторларға қарағанда, аталған құрылғы зат алмасу өнімдерімен жұмыс жасай алады... Бұрын белгілі болғандай, кейбір логикалық операцияларды бактериялардың жүзеге асыра алатыны жайында сөз қозғалып келген. Енді міне,  бір ғана жасушамен логикалық схеманы жүзеге асыру мүмкіндігі туындап отыр.

Жасушалық калькулятор болашақта ғылым мен медицинада үлкен төңкеріс жасаудың аз алдында. Көз алдыңызға елестетіп көріңіз, біржасушалы логикалық схема сусамырлардағы глюкоза мөлшерін өз бетімен анықтап отырады. Сөйтіп, өздігінен ағзадағы инсулиннің бөлінуі жылдамдатылады.

Сурет:science.compulenta.ru

Л. Лига