ҰБТ-ны енді онлайн режимде көруге болады

ҰБТ-ны енді онлайн режимде көруге болады
Әсіресе ата-аналар баласының ҰБТ-ны қалай тапсырып жатқанын көргісі келеді. Осыған орай, осы жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті барлық адамдарға ҰБТ-2012-нің қалай өтетінін білу үшін оны онлайн режимде көруді ұсынады.

Ол үшін ҰБТ уақыты кезінде мына сайтқа кіріп  http://ent-zan.kaznu.kz/, серверге қосылу қажет. Алайда ҰБТ-ны онлайн режимде бақылау үшін Internet Explorer 7 браузері қажет болады, себебі, басқа браузерлер арқылы көрінбеуі мүмкін. Осы секілді нұсқаулардың толық тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Айта кетсек, бұл жылы ҰБТ 1-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 154 пунктте өтеді.

ҰБТ өткізілетін 107 орын қалалық және аудан орталықтарындағы мектептерде, сондай-ақ 47-сі Алматы, Астана қалалары және облыс орталықтарындағы ЖОО-ларда орналасқан. 

Бұдан бұрын хабарлағандай биыл Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қазақстандық түлектердің 80 пайызы қатысуда, яғни 121 мың оқушы. 

Сонымен қатар, ҰБТ өткізілетін аудиторияларда ұялы телефон сөндіргіштері де орнатылған. 

Сурет: klenlist.kz

Ж. FM