Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Қарағанды оқушысы - мемлекетаралық ғылыми-техникалық байқаудың жеңімпазы

Қарағанды оқушысы - мемлекетаралық ғылыми-техникалық байқаудың жеңімпазы

Қарағанды оқушысы - мемлекетаралық ғылыми-техникалық байқаудың жеңімпазы

Әлемнің ең танымал ғалымдары, оқытушылары. Әр елдің бетке ұстар шәкірттері. Ең үздік жобалар. Әрине, бұл - мемлекетаралық ғылыми-техникалық шығармашылық байқау. Оның биылғы жеңімпазы - Қарағанды облысының оқушысы.

"Ауа-райы және энергетика" категориясы бойынша (сыйақы мөлшері 3000 доллар) және "Энергетика саласындағы үздік жұмыс категориясы бойынша" (5000 доллар) қазылар алқасы шешімімен үздік болып Әсия Құсайынова танылды. Ол аталған байқауда "Уақытша соғып тұратын желдің көмегімен Магнус әдісі бойынша цилиндрлік жүйеде желқозғалтқышын жасап шығару" еңбегімен көпшілікті таңғалдырды. Оның аталған еңбегі, яғни желқозғалтқышы баяу соғатын желмен де жұмыс жасайтын болып шықты.

Бұдан басқа ол CarnegieMellon университетінің арнайы жүлдесі мен Сауд Арабиясының королі Абддул Азиз атындағы Фондпен марапатталды. Және "Қалыпқа келетін энергетика" категориясы бойынша 3-орынды иеленіп, Еуропалық жас ғалымдардың байқауына жолдама алды.

Жоғары сынып оқушылары арасында өткен мемлекетаралық ғылыми-инженерлік шығармашылық байқауға "Intel ISEF - 2012"-ге 68 елден 1500-ге жуық жас ғалымдар қатысқан еді. 

Оқушылар арасындағы мемлекетаралық ғылыми-техникалық шығармашылық байқау бүкіл әлемдік танымал Intel корпрациясының арқасында жүзеге асатын бастама. Аталған байқау 1950 жылдан бері жалғасын тауып келеді. Ал Intel корпорациясы 1998 жылдан бері демеушісі. Қазақстан мемлекеті 2001 жылдан бері Intel ISEF-тің толыққанды мүшесі болып саналады.

Байқаудың қаржылай қоры 4 миллион доллар шамасында.

Қазақстаннан биыл байқауға 3 оқушы барған болатын:  Әсия Құсайынова - Қарағанды облысының дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы; Нұрбек Күнғожин - Республикалық Ө.Жәутіков атындағы дарынды балаларға арналған физика-математикалық мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы; Арман Қадыров - Алматы қаласының №90-шы мектеп-лицейінің  10 сынып оқушысы.

Сурет: tengrinews.kz

328 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 21 мамыр 2012, 09:30
Пікірлер
+0
21 мамыр 2012, 11:29

Кеудемді мақтаныш кернеп жатыр :)

+0
21 мамыр 2012, 12:09

ия!

+0
21 мамыр 2012, 11:56

Жарайсың, Әсия! Біздің елде де осындай әлемдік деңгейде білімді балалар бар екені қуантады.

+0
21 мамыр 2012, 11:59

Сүйінші!

+0
21 мамыр 2012, 16:01

жарайсың, Әсия! Бағындыра бер шыңдарды!

+0
21 мамыр 2012, 17:15

Қазақты әлемге танымал қыл!

+0
21 мамыр 2012, 18:07

Жарайсың!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...