Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Неге жазда жылы, қыста суық болады?

Неге жазда жылы, қыста суық болады?

Неге жазда жылы, қыста суық болады?

Жер бетінің ыстығы мен суығы, шуағы мол күндері мен аязы - адамзат баласының еншісіне бұйырған табиғат сыйы. Табиғаттың да бұл тарапта аянып қалмасы белгілі. Төрт бірдей мезгіл келіп, жер бетіне қонақ болып жатып алады. Сол уақыттарда, бір қызығы, адам баласы қыстың күні жазды аңсап, ал жаз түссе, қысты сағынатындай күй кешері бәрімізге мәлім.

Сіздер мына сұраққа жауап бере аласыздар ма: Неге жазда күн ыстық, ал қыста суық болады? Иә, сіздің жауабыңыз тас-түйін дайын тұр. Әлбетте, мезгілдің ауысуына немесе Күннің алыстай түскеніне, ол да болмаса табиғат заңдылығына жатқызарыңыз анық. Ондай болса, сіздің жауабыңыз дұрыс. Дегенмен...

Күннен түсетін жылу ең алдымен топырақты қыздырады. Содан барып жерге жақын ауаға жылу беріп, қалған жылудың бәрін денесінде сақтап қалуға тырысады. Мұндай жағдай Күн атмосфераның жоғары қабатын емес, төменгі қабатын қыздыратындай әсер қалдырады. Бәрі де дұрыс. Күннен келетін жылудың көп бөлігін жер өзінде сақтап қалады. 

Иә, көп нәрсе Күнге байланысты. Оның келетін жылуы әр жерде әр түрлі таралады. Мәселен, экватор бойына жылу шамадан тыс қатты түседі. Ал Антарктидаға күн түспейтін күндер ай бойына жетіп артылады. Бірақ, Антарктида мәңгілік мұз құрсауында болса да, оның суығы мен аязы күн өткен сайын кемімесе, көбейе түсетін түрі жоқ. Себебі, Антарктидаға жыл бойына ауамен бірге жылу мен ыстықтар барып, бір температурадан ауытқымауына септігін тигізеді.

Күннен келетін жылуды бұлттар шағылыстырып, кері ысырып тастайды деп ойлаймыз. Онысы рас, бірақ, күннен өткен жылуды жерге жіберіп, атмосферадан шығармай, біздің тілімізбен айтқанда, үй терезесінің орнын атқаратыны бұлттың тағы бір міндетіне жатады.

Түннің суық болуы үйреншікті, қалыпты дүние. Күні бойына жиналған жылу түнде таралып, қысымды ретке келтіруге тырысады. Мәслелен, ыстық дене салқындауға, салқын дене жылу жинауға дегендей.

Жылудың таралуына теңіз, мұхиттардың әсері күшті. Әрине, олардың қыс түссе қатуы, жаз түссе, ыси қоюы қиын. Бірақ, бір ысып алса, ұзақ уақыт аралығына жылуын сақтайтын болады. Және қатты суықтан қорғайды.  

Осылайша, сұрақтан сұрақ туындай келе, мәселенің басы ашық деуге толық негіз бар. Жоғарыда айтылып кеткен мәліметтердің бәрі (табиғат) атмосфераға, одан қалса, жер бетіне әсер етеді. Содан барып қана қыстың орнына көктем, оның орнына жаз келеді.

Сурет:  bilim.idhost.kz

2495 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 08:45
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 09:46

мәселенің бәрі қысымда деші :roll:

+0
18 мамыр 2012, 14:56

Ғылыми тұрғыда күрделі жазылған екен. Онша ештеңе түсінбеген сияқтымын))

+0
18 мамыр 2012, 15:06

себебі жазда жылы ал қыста суық болады ғой!

+0
18 мамыр 2012, 15:25

ешқандай түсініктің қажеті жоқ...ішіңіз сезсе болды

+0
18 мамыр 2012, 15:25

Ақымақтың сұрағы..... :( қуад я

+0
18 мамыр 2012, 23:33

соны айтам, осылар куады да жүред, массагет :lol: :lol: :lol:

+0
18 мамыр 2012, 15:28

қой, олай айтпаңыз....ұят болады :)

+0
18 мамыр 2012, 15:31

Неге қыста даладан үй жылы болады?
Осы сұрақтың жауабын таппай жүрмін

+0
18 мамыр 2012, 15:48

Неге жазда даладан үй суық болады?Осы сұрақтың жауабын таппай жүрмін

+0
18 мамыр 2012, 16:11

"жаздыгүні шілде болғанда" ып-ыстық шай ішетініміз секілді ғой

+0
18 мамыр 2012, 23:25

Неге суды ысытсақ ысып кетеды?)))) :mrgreen:

+0
18 мамыр 2012, 23:35

соны айтам ше :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...