Оқи отырыңыз

Адам өз нысанасын өзі таңдады ма, жебесін де өзі жасасын. 

Автор: Үнді даналығы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Акулалар бәрін көреді...

Акулалар бәрін көреді...

Акулалар бәрін көреді...

Балықтар туралы әлемде қаншама ертегіге бергісіз аңыздар мен аңыздарға бергісіз ертегілер бар. Олардың барлығы күнделікті өмірде айтылып, тұрмыстан бөліп алғысыз құндылықтай болып кеткен. Әйтсе де, бір топ зерттеушілер сезімнің шырмауы мен үлкен шығармашылықты ысырып қоя тұрып, адам баласының игілігі үшін  балға басты балықтарға (акула) зерттеу жасады. Анықталғаны...

Биологтардың бұл зерттеуі жемісті аяқталды. Олар балға-балықтардың (акулалардың) басы оның жақсы көруіне септігін тигізерін дәлелдеді. Және балға-балыққа байланысты алғашқы жаңалықтар  The Journal of Experimental Biology атты журналда жарық көрді.

Ғалымдар балықтардың бірнеше түрлеріне зерттеу жасады. Оның ішінде балға-балықтардың үш түріне: Eusphyra blochii, Sphyrna corona және Sphyrna lewini. Жалпы зерттеуге келетін болсақ, ең алдымен ғалымдар балықтардың көзіне электродтар (анықтайтын аппарат) отырғызған. Соның арқасында олардың жарықты қабылдау қасиетін жан-жақты бағамдап, бақылау барысында балықтардың көз көру қасиеттерінің әр бағытта (ара-қашықтық) әр түрлі және жақсы көретіндеріне көздері жеткен.

Балға-балықтардың яғни акулалардың вертикальды басы балықтың 360 градус бойына көруіне мүмкіндік береді екен. Ол шынымен жемтігін алды-артынан көріп, кез келген жағдайда қармап алатын болып шықты.

Біз ойлағандай, екі көз арасындағы алшақтық оларға кедергі емес. Керісінше, басқа балық түрлерінен озық шығуының кепілдемесі дерсің: шапшаң, епті, төзімді.

Балықтың бинокулярлық көз көруі көз алдарындағы кескінді немесе қос бірдей жемтікті бір көзбен-ақ бір мезетте қадағалай алатын болып шықты.  Мысалы, Eusphyra blochii атты түр басқа балықтардан басы ең үлкені болып саналады: оның көз көру зейінінің ауқымдылығы - 48 градус; ал басқа балықтарда (акула) - 32 градус.

Осы уақытқа дейін балға басты акулаларды көптеген зерттеушілер көзі нашар көреді деп есептеп келді. Және көбісі бинокулярлық көз көруді де аталған балықтың түрінен алысқа алып кетіп, басқа балықтардың түрлеріне теліп жүрді.

Бір айта кетері, балықтың осылай өсуінің себебін зерттеушілер жер магнитінің тартылыс заңы мен өздерінің  жоғары деңгейдегі жылдамдықтарының әсерінен деп санайды.

Сурет:  boswell.ru

5242 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 17 мамыр 2012, 09:07
Пікірлер
+0
17 мамыр 2012, 10:53

Мәссаған, бәрін терістеп жатыр ғылым! Акуланың көзі көрмейді, иісті ғана керемет сезеді деуші еді ғой, бәрі сандырақ деші, әй, бәсе деймін да, көзі болмаса, қалай жыртқыш болады? :roll:

+0
17 мамыр 2012, 14:48

Мен де солай ойлап жүрсем...мына ғалымдар деген сондай "зиянды"

+0
18 мамыр 2012, 01:50

Алланың құдіреттілігінде шек жоқ қой!

+0
18 мамыр 2012, 14:54

Түрінің ұсқынсызын-ай, мына акуланың)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...