Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады

Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады

Кубик Рубикті 20 жүріспен шешуге болады

Бәріміздің бос уақытымыз  болып, не істерімізді білмей отырғанда алдымызға яғни қолымызға Кубик Рубик (текше пішінді зат) келіп түседі. Ондағы түстерді бір бетке жинаймыз деп, уақыттың біраз бөлігін өлтіріп, өзіміздегі мидың күшін сарқығандай боламыз. Алайда, кейде бір бетке түстерді жинау түгілі, бастапқы орындарына келтіре алмай, салымыз суға кететін жағдайдар да кездеседі.

Біз ойлағандай кубикті жинау қиын емес екен. Бар болғаны 20 ғана жүріспен (солай алғанымыз дұрыс болар) істі толық бітіруге мүмкіндік бар көрінеді. Міне, осындай пікірге Огайо штатындағы Кент университетінің профессоры Морли Дэвидсонның көзі жетіп отыр. Ол компьютердің көмегі арқылы барлық жүрісті мұқият қарап, тиімді жолдарын жазып отырған. Анықталғаны, кез келген бастапқы кубикті жинастырушыға ең кемі 20 жүріс қажет. Сонда барып қана "Құдайдың саны" (біткен жүрісті осылай атайды) толыққанды орындалатын болып шықты.

1974 жылы Эрне Рубик Кубик Рубикті  ойлап тапқан болатын. 2009 жылы аталған заттың 350 миллионға жуық данасы әлем бойынша тараған. 

Дэвидсонның пікіріне сүйенсек, ол 20 жүріспен істі бітіру деген ғалымдардың ойлап тапқаны дейді. Өйткені, жайдан-жай ешкімнің де кубик жүрістерін зерттемейтіні анық. Ал Дэвидсонның өзі болса, кубиктің 20 жүріспен шешуге болатынына алғашқы кезде қатты сенгенін жасырмайды.

Ғалымдар Кубик Рубиктің қыр-сырына жету үшін болуы мүмкін жүрістерді 2,2 миллиард топқа бөлген. Әр топта 20 миллиардқа жуық жүріс қарастырылған. Бірдей және симметриялық жүрістерін ескеріп, кейіннен 56 миллион топқа дейін қысқартқан. Ал Google корпорациясы жүрістерді анықтауға өздерінің компьютерлерін ұсынған. Дэвидсонның ойы бойынша, 2,8 гигагерц жиілікте істейтін Nehalem микроархитектуралы процессорге негізделген компьютер барлық жүрісті 35 жылда есептеп, бағдарлама қылып ұсына алады екен. Және Кубик Рубикті шешуге мектеп кезінде математика сабағынан өткен қарапайым ғана формулалар көмектесетін көрінеді. Тек сіз әлгі формулаларды өз пайдаңызға жаратсаңыз болды.

Сурет: toysblog.ru 

7663 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 18 мамыр 2012, 09:26
Пікірлер
+0
18 мамыр 2012, 11:21

қалай тырыссам да, бірақ жағын жинаймын, әлі толығымен жинап көрмеппін, мына көрсетіп отырғанмен қосылып жасамасам, жай көргеннен басым айналып кетті))

+0
18 мамыр 2012, 12:25

кішкентайымда талайын жинаған едім

+0
18 мамыр 2012, 15:02

бір бетін тез жинаймын! Барлығын жинау мүмкін емес сияқты көрінеді((

+0
18 мамыр 2012, 15:24

кубикті көрсек басынжа жынымыз ұстайтын. Ал қазір таптырмайтын ермек болды...

+0
18 мамыр 2012, 15:34

мен бала кезімде жұлып-жұлып алып құрастыра салатынмын.Үйдің іші таң қалатын,қалай тез жинайды деп

+0
19 мамыр 2012, 19:25

мен де оқушы кезімде шеткілерін жұлып-жұлып алып құрастыратын едім. Кейін 2-курс оқып жүргенде арнайы Рубик Кубигін жинаудың алгоритмін оқыдық. Оңай екенін сонда білдім. Ағай "Кім толық жинай алады?",-деп бәрімізге жинатқан болатын. Сонда оқушы кезімдегі тәсілді пайдаланып, бірінші болып біткен едім. Ағай шындықты білген соң, "ішегі қатқанша" күлген.

+0
18 мамыр 2012, 16:07

менің басым жетпейді осыған :oops:

+0
19 мамыр 2012, 17:49

Мен де бір жақ бетін жинаймын. :) Толық жинау мүмкін емес сияқты көрінеді. кейін асықпай көрмесем ;)

+0
19 мамыр 2012, 21:16

керемет ! МЫнау мен баяғыдан армандаймын Ғалым болуды

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...