Ғарыштық туризм

Ғарыштық туризм

Әлемнің кез келген жерін аралап, туристер табан тоздырып, уақыт оздырып жүргенде,  тағы бір түристік орталық ашылмақ. Бұл жолғы туристік орталық - ғарыш немесе аспан әлемі. Иә, кинодан көріп жүрген суреттердің бәрі енді шындыққа айналмақ. Тек, бір ғана қорқыныш...

Cуборбиталық ғарыштық кеменің бірнеше жылдар көлемінде ұшуы Жердің атмосферасына белгілі бір деңгейде қиындық алып келеді. Сонымен қатар, температураны өсіріп жібереді деген қауіп те жоқ емес. Ғалымдар компьютерлік модельдерді өртеп барып қана Жерге қаншалықты әсер ететінін бағамдаған. 

Анықталғаны, жыл сайын ұшатын мыңдаған алып кемелердің қалдықтары біз ойлағаннан да қауіптірек болып шықты. Бұны неге айтып тұр деп ойлайсыз ғой, әңгіменің барысына көшсек, 2020 жылдар қарсаңында ғарыштық туризм индустриясы жылына мыңдаған кемелерді ұшыруды күн тәртібіне қойып отыр.

Модельге келсек, ғалымдар Spaceship Two атты кемені зерттеу нысанына айналдырды. Зерттеушілер нақты деректерге сүйене отырып, осы іспеттес кемелердің жыл бойына ұшуынан 600 тоннаға жуық қалдықтар Жерге тасталады деген пікірге келіп отыр.

Міне, осыншама қалдықтардың әсерінен ендіктер мен бойлықтар бойында температура көтеріледі деп санайды: Цельси бойынша 0,2 градус. Бірақ, аталған деректер нақты емес. Алайда, ғарыштық туризм алға қойылып, жоспарды артығымен орындайтын болса, онда кемелерден түсетін қалдықтар азаматтық авиалайнерлерге қарағанда, Жерді артығымен ластайтын болып шығады.

Ұшақтардан түсетін толықтай жанып болмаған жанармай қалдықтары төменгі биіктерде қалып қояды. Ал суборбиталық кемелердің қалдықтары 40 км жоғарыда концентрантцияланып, ондаған жылдардың көлемінде сонда жатады...

Сыншылардың пікіріне сүйенсек, олар туризмнің аталған түрін қауіпті деп санамайды. Керісінше, зерттеушілердің кей тобын нақты дәлелдер мен тұжырымдармен сөйлеуге шақырады. Әзірге анық-қанығы: барлық ғарыштық кемелер жанармайдың қоюын бірдей қолданбайды: ал толық жанбаған жанармайлар қозғалтқыштың әсерінен  шайқалады екен.

Сурет: documental.su

Л. Лига