97 жасар австралиялық азамат оқу орнын бітірген әлемдегі ең қарт түлек атанды

97 жасар австралиялық азамат оқу орнын бітірген әлемдегі ең қарт түлек атанды

97 жасар австралиялық азамат оқу орнын бітірген әлемдегі ең қарт түлек атанды. 

Лисмор қаласының тұрғыны Алан Стюарт Жаңа Оңтүстік штатында орналасқан SCU (Southern Cross University) университетінде медицина саласы бойынша магистратура оқуын оқыды. Университет лекторы Сони Браунидің (Sonia Brownie) айтуынша, студент білімді көбіне сырттай алған.

Естеріңізге сала кетсек, Стюарт әлемдегі ең қарт түлек дәрежесіне 2006 жылдан бері ие. Ол сол кезде Гиннесс рекордтар кітабына енген болатын. 

Өзінің алғашқы дипломын Стюарт Сидней стамотология университетінен 1936 жылы алған еді. Кейін ол стамотологиялық хирургия бойынша, докторлық деңгейді Чикагода қорғады. Содан соң, ол ұзақ уақыт бойы мамандығы бойынша, Лондон, Сидней және т.б. қалаларда қызмет атқарды. Ал 90 жылдары қайтадан университетке түсуді ұйғарады.

Сурет: altynsarin.ru

Ж. FM