Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жансыздандырғыш дәрі

Жансыздандырғыш дәріні (Anesthetic) 1846 жылы 16 қазанда АҚШ-тың Массачусетс штатының бас емханасының тіс дәрігері Уильям Мортон ойлап тапты әрі клиникада қолданып табысқа жетті. Жансыздандырғыш дәрі жансыздандыру арқылы ауруды басып, науқастың ауру азабын жеңілдетеді, тіпті жойып жіберетін дәрі. Оның орталық нервті тежеу қасиеті бар. Жансыздандырғыш дәрінің тапқырлануы ота жасау барысында адамдардың тән азабын тартпай, мыңдаған-миллиондаған адамдардың ажалдан араша болуына септігін тигізді.

Ерте заманда операция жасалынғанда жансыздандырылмайтындықтан, науқас адамдар жандары қинала отырып ота жасататын немесе операция үстінде көз жұматын. 1799 жылы Англия химигі Деви ойламаған жерден «Азот шала тотығы» дейтін газдың ауруды басатын керемет қасиеті бар екенін байқайды. Ол медицина саласындағыларға осы бір ешкімнің де ойына кіріп-шықпаған жансыздандырғыш дәріні таныстырып, сыртқы аурулар операциясына қолданып, жансыздандырып ауруды басуға ұсыныс жасайды. Бірақ, сол заманда Девидің ақылына ешкім де құлақ аспаған еді.

АҚШ, Бостон. Жансыздандырғыш дәрімен ота жасау ісі талқылануда

1893 жылы АҚШ-тық химик Каултон ғылыми журналдардың бірінен Девдің жансыздандырғыш дәрі тапқырлағаны жайлы жазбаны көріп, азот шала тотығының дәрілік қасиетіне сынақ жасай бастайды. Кейін америкалық тіс дәрігері Уэлес тіс ауруын емдетуге Каултонды іздеп келеді. Каултон азот шала тотығы арқылы жансыздандырып, Уэлестің көмекшісі Мортон тіс жұлуға жауапты болып табысты нәтижеге жетеді. Осыдан кейін Уэлес оншақты адамға ашық сынақ жасап, жансыздандыру арқылы тістерін жұла бастайды. Кейін науқасқа дәрінің аз берілуі себепті, тіс жұлу барысында адамдардың оған шыдамай, шу көтеріп, Уэлес алдамкөс делініп, емханадан қуылады. Бірақ, оның көмекшісі бұл іске бола көңілі жасып, үмітсізденбейді. Қайта жаңа бір жансыздандырғыш дәріні тауып шығуға бел байлайды.

Жансыздандыру әдісі б.з.б 200 жылы Қытайда пайдаланылған деген дерек бар.

Мортонның азот шала тотығының физикалық-химиялық қасиеті туралы білімі кемшіл болғандықтан, тәжірибелі химиктерден кеңес сұрайды. Химик Джексон оған бір реткі тәжірибеде этил эфирінің ауырғанды басатын қасиетінің бар екенін айтады. Мортон титтей де ағаттық жібермеу үшін, мұқияттылықпен көптеген тәжірибе жасайды. 1846 жылы 16 қазанда Уэлес шипагерді қуып жіберген Массачусетс штатының бас емхансында Мортонның этил эфирі арқылы жансыздандыру операциясы табысты болып, ота жасатуда жанның қиналу дәуірі аяқталған еді.

1846 жылы 16 қазан. Мортон дәрігердің операциядағы сәті

Жоғарыда аталған ғалымдардың бәрі адамзаттың жансыздандырғыш дәріні іздеуі сынды машақатты жолында өз үлестерін қосты. Әсіресе Уильям Мортон этил эфирін жансыздандырғыш дәрі ретінде пайдалануда үлкен табысқа жетіп, медицина саласына үлкен үлес қосты.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: wikipedia.org, nipic.com

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 11 ақпан 2014, 12:14

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.