Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Білдек (станок)

1797 жылы англиялық механик Генри Модсли тұңғыш рет бүкілдей металдан жасалған, қырғышы бар бұрандаманы (болтты) бұрауыш білдекті (станокты) жасап шықты. Модсли білдегі машинамен өңдеудің дәлдігін жоғарылатып қалмастан, машинамен өңдеу техникасын дамытудың жаңа ой желісін салып, «Білдек атасы» деп аталып кетті. Бүгінде сол алғашқы білдек әлі де бүкіл өнеркәсіп машинасының қайнары болып, адамзаттың қоғамдық-өндірісі мен тұрмысына қажетті саны мол, алуан формадағы машина, құрал-жабдық, көлік және тұрмыстық бұйымдарды өндіру саласында қолданылуда.

Генри Модсли (1771 - 1831)

Біздің заманымыздан бұрынғы 4-ші ғасырда сириялықтар қолданған механикалық құрал әлі күнге сақталған. Дәл осы құрал адамзат тарихындағы алғашқы білдек болып саналады. 14-ші ғасырда тоқтаусыз айналатын тегершік арқылы қозғалатын білдек жарыққа шықты. Алайда, 17-ші ғасырға дейін білдектің қырғышынан басқа дүниелерінің бәрі ағаштан жасалып келген болатын. 18 ғасырдың соңында бу машинасы тапқырланған соң, білдектің қолданылу көлемі біршама ұзақ уақыт шектеулі болды. Оған бу машинасын өндіру жағындағы қиыншылықтар себеп болған болуы мүмкін. Яғни, байырғы білдекпен өлшемге лайықты цилиндр, сүмбі тектес бу машинасына керекті бөлшектерді өңдеуге болмады. Осындай жағдайда, дәлдігі біршама жоғары түтік формалы цилиндр мен дөңгелек таяқша формалы сүмбі жасау қажет болды. 1796 жылы англиялық Цмитон түтік формалы цилиндрдің ішкі бүйірін біршама дәл қыра алатын қырғыш білдек жасап шықты.

Генри Модсли ойлап тапқан білдек

1797 жылы Модсли озық білдек жасап шықты. Ол тұңғыш рет байырғы білдектің барлық ағаштан жасалған бөліктерін металға өзгертті. Бұл білдектің беріктігі мен тұрақтылығын зор дәрежеде жоғарылатты. Модсли және де бу машинасының күшінен пайдаланғандықтан, жұмыс өнімділігін тіпті де арттыра түсті. Мұнан да маңыздысы, Модсли білдектің құрылымына үлкен өзгеріс енгізіп, оның өңдеу дәлдігін жоғарылатты.

Модсли жобалап жасаған озық білдек бу машинасының өндірілуі мен қолданылуын жалпыластыруда қозғаушы күш рөлін атқарды. Оның үстіне, бұл білдек бұрынғы білдектердің арнайы қолданылу шектемесін бұзып, жаппай жалпыласуына мүмкіндік жасады. Адамдар оны пайдаланып беті шеңбер формалы әртүрлі бөлшектерді, тіпті онымен бұранданың өзегін және сым таяқшаны да жөндеді. Осылайша, таяу заманғы білдек нағыз мағынадағы «Өнеркәсіптік машинаның анасы» ретінде машина өндіретін машинаға айналды. Модсли білдегінің жарыққа шығуы бүкіл білдек өнеркәсібін жандандырып, 19-шы ғасырда білдек дәуіріне аяқ басуға жол ашты.

Бүгінгі білдек

Генри Модсли 1771 жылы 22 тамызда Лондонда дүниеге келген. Ол жас кезінде механик болып жұмыс істеген, оның өнері елден ерек болғандықтан, тапқыр Брам оған қатты тәнті болады. Брам осы бір жас шеберден өзі тапқырлаған құлыпты көптеп өндіруді талап етеді. Құлыптың өзегін цилиндр етіп ойып шығару үшін, Модсли тынбай іздену арқылы, бүкілдей бу машинасымен қозғалатын, әрі металдан құрастырылған станокты жасап шығады. Оның бұл табысы сол кездегі жұмысшылардың ауыр дене еңбегін де көрнекті дәрежеде жеңілдеткен.

Көшпелі қазақ тұрмысында үнемі кездесетін тігін машинасы

Станок техникасы тапқырланғаннан күннен бастап даму аяқ алысын тоқтатқан емес. 1920-1940 жылдары сұйықтық қысымы технологиясы мен электр бөлшектерінің білдекке қолданылуына ілесіп, машина жасау техникасы жартылай автоматтасу дәуіріне қадам тастады. Дүниежүзілік екінші соғыстан кейін станоктың дамуы сандық жүйемен меңгерілетін күйге жетті. Сол кезден бастап, машина өнеркәсібінде электр техникасы күн санап кеңінен қолданылып, электрон өнеркәсібінің әрбір маңызды алға басуы машина арқылы өңдеу технологиясына жаңа күш қосты.

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: Wikipedia.org

M. Auelkhan