Оқи отырыңыз

Егер гүлдерде жүрек болса, ең үлкен әрі мықты жүрек бәйшешекте болар еді.

Автор: Сатыбалды Нарымбетов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Бір күнді қалай өткізген дұрыс?

Бір күнді қалай өткізген дұрыс?

Бір күнді қалай өткізген дұрыс?

Бұндай жағдай бәрінің басынан өтуі мүмкін. Мәселен, көршіңіздің көлігінің афтодабылы іске қосылып, ұйқыңызды бұзып жіберді. Әйтпесе, қоғамдық көлікте аяғыңызды біреу-міреу басып кетіп немесе абайсызда түртіп қалды. Әлде, кофе тамып кетіп, әп-әдемі көйлегіңізді бүлдіріп алдыңыз. Тіпті, ол болмаса, жұмыс орнында сөгіс естісеңіз. Бастық жобаңызды қабылдамай, оның есесіне әріптесіңіздің жобасын қабыл алып жатса... 

Осының бәрінен соң, үйге шаршап ораласыз. Тағы да жапсарлас үйлерден көршіңіздің әлдекімге ұрысып жатқан қатты даусы естіледі. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі күн сәтсіз болды. Сондықтан осы күнге қарғыс айтасыз:" Ең аяғында тағы не болуы мүмкін?"

Ал енді сізге арнайы бағдарлама:

1. Өзімізді еркін ұстаймыз!

Теңіз тұзы бар суды ваннаға құйыңыз. Көңіл еліктіретін ән қосыңыз. Нәтижесінде, су сіздің тұла-бойыңыздағы жаман энергетикалық кірлерді алып түседі. Әрі жүйкеңізді қалпына келтіреді. Ақыр аяғында жұмсақ сүлгімен сүртініп, жұп-жұмсақ халатпен тынығыңыз.

2. Дәрі қабылдау

Әрине, өз кезегінде қалыптасқан дағдымен. Біреуге - жақсы ашытылған сыра, екінші біреуге - ыстық шоколад, үшіншіге - шөппен қайнатылған шай, ал кейбірулерге валерианка көмектеседі. Сондықтан мөлшерден ауытқып кетпеңіз. Ақыл-естен ажыраудың қажеті шамалы.

3. Үнсіз түскі ас

Сізді жақын-туыстарыңыз мазалап қоймай бара жатса, ал сіздің олар қойған сауалға жауап бергіңіз келмей отырса,  құлаққапты тағып, әнді барынша қосып, бір бағытта тып-тыныш отыра қалыңыз. Ал оған да туыстарыңыз келіспейтін болса, мына іспетті бір-екі ауыз сөзбен шектеліңіз: " Мен қазір ғарыш-көкпен тілдесемін, ол менің ертеңгі күніме байланысты". Айтқан әр сөзіңізді салмақпен естіртіңіз. Әйтпесе, туыстарыңыз басқаша түсініп қалуы мүмкін. Негізгі мәселе, дініңізге байланысты, қайсысын қолайлы көрсеңіз, сол бағытта тілдесіңіз.

4. Міндетті түрде әңгімелесу

Бүкіл шешімін таппаған сауалдар мен келеңсіз жағдайлар ішке жиналып, шектен асып кететін сәттер кездеседі. Соның бәрін еш жазығы жоқ жақын достар мен туыстарыңызға бағыттап жүрмеңіз. Ескеретін нәрсе, бәрінің де бас-басына қайғысы мен уайымы жеткілікті. Жаймен ғана сыр ашқан есепті, ішіңізді өздігінен тазартып тастаңыз.

Егер күнделік жазып жүрген болсаңыз, онда сізге тіпті жақсы. Өз ойыңызға келген кез келген сөзді жазып, парақ бетіне түсіре аласыз.

5. Ой мен жүйеге бағындыру 

Алайда, осы әдіс те жүзеге аспаса, басқасын ойлап табыңыз. Мәселен, өзіңізді өтіп кеткен күндерге қайтып оралтып, бар ашу мен балағат сөздеріңізді айтудан аянып қалмаңыз.

Таңғы 4-те  ұйқыдан тұрғызып жіберген көлік жайын еске түсіріңіз. Оның иесімен сөйлесіп тұр екенмін деп, бар ойыңызды ортаға салыңыз. Ол болмаса, бастығыңызды келтіріп, онымен жұмыс жайындағы азды-көпті ойларыңыз болса ортаға тастаңыз. 

Кішкене болса да, өзіңізді жақсы сезініп қалдыңыз ба?

6. Ұйқыға жатыңыз

Еркіндікке біраз бой алдырған болсаңыз, онда түсіңізде жылы-жұмсақ, көзге ыстық дүниелер ғана кіретін болады. Ең бастысы, артық нәрсені ойдан шығарып тастау. Өйткені, сізді өкпелеткендер өз сазайын алды. Ендеше, жақсы жатып, жайлы тұруға болады.

7. Келесі күнге әлі ерте...
 
Түн бойына сізді ақыл-ойыңыз келесі күндердің қуанышы мен уайым-жапасына дайындайды. Сіз енді міне, қарсы тұрудың айла-тәсілін меңгеріп алдыңыз.

Көптеген адамдардың пікірінше, өмір ала құланға (зебра) ұқсайды: қара, ақ, қара, ақ...

Ала құланға сенер болсақ, онда сізді алда жақсы күн күтіп тұр. 

Ал енді кейбір адамдар бар, олар үшін өмір  түрлі-түсті (қара мен ақ емес). Ертелі-кеш сіз де өмірді түрлі-түсті бояуда көретін боласыз. Сонда сіздің қара-ақ киноңыз тәмәм болады.

Cурет: techeniegolfstrim.ru

462 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 07 мамыр 2012, 13:36
Пікірлер
+0
07 мамыр 2012, 14:32

керек кеңестер екен ;)

+0
07 мамыр 2012, 15:28

сыра дегені жақсы екен ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сплит +16
Сплит +16

«Внутри Кевина живут 23 личности. Вскоре еще одна явит себя миру»

Автор: Айкона Н
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)
Тұмса табиғат тыныштықты қалайды (эссе)

Табиғат әсемдігі мен тыныштығы туралы

Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!
Өмірімде бананға тайып құлаған адам көрмеппін!

Емтихан парақтарын жасау үшін күніне 100.000 ағаш кесіледі

Автор: Arayka Sakhova
Жолдар, жолдар
Жолдар, жолдар

Тесігіңді түзеп, жыртығыңды жамасаңшы...

Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф
Мектепте оқығаннан бері біз сеніп келе жатқан әлемдегі 13 миф

Ұлы Қытай қорғаны ешқандай құралсыз ғарыштан көрінеді.

Автор: Arayka Sakhova
Махаббат деген не?
Махаббат деген не?

Махаббат деген не?


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...