Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Ең алғашқы махаббат бастауыш сыныптан...

Ең алғашқы махаббат бастауыш сыныптан...

Ең алғашқы махаббат бастауыш сыныптан...

Кез келген ата-ана баласының бақытты болғанын қалайды. Жақсы өмір сүріп, жақсы қызмет жасағанын армандайды. Сол үшін де мектеп жасынан бастап, баласын жақсы ұстаздарға табыстап, ертеңгі күні үшін қатты алаң болып жатады.

Ең бірінші кезекте бар нәрсе ұстазға байланысты. Егер ол ақылды, өте білімді болса, бала да алғыр, жақсы болып өседі. Бірақ, көпшілік ортада олай емес. Көп жағдайда ұстаздың үстінен арыз бен шағымдар түсіп жатады. Өйткені, нашар ұстаз балаңызды оқытып, тәлім-тәрбиесі мен өмірге деген көзқарасын өзгертіп жіберуі мүмкін.

Үлкендер физикалық тұрғы да мықты болғысы келеді. Міне, кішкентайлар да соған қарап бой түзейді. Сондықтан, 16-17 жас аралығында бала үй иелігінде болғандықтан, денінің сау болуына ата-ананың тікелей қатысы бар. Әйтпесе, қиындықтар мен ауырлықтарды қолдан жасау арқылы да бала психикасына кері әсерлер туындайды. (Теледидар мен компьютердің алдына ұзақ уақыт отырғызу).

Осынын бәрінен шығатын қорытынды, баланы мектеп жасынан қадағалау керек. Ол үшін бастауыш сынып бірінші кезекте.

Ұстаздың баланың жазған тапсырмасына бірден баға қоймауы тиіс. Керісінше, қате жерлерін қызыл түсті қаламсаппен ескертіп немесе белгілеп қойғаны дұрыс. Ал ол түзетулер мен ескертулерді көрген оқушы өз бағасын  өзі қойып үйренеді. Онсыз, бала өз-өзіне жауап беруден қалады. Жеке айла мен пасық қулықтарға баруы мүмкін. Және психика солай қарай бой түзейді.  Өйткені, үйдегі ата-ана да жаман баға алса ұрысып, беттен қаға беруі кәдік.

Тест арқылы да бастауыш сыныпта білім дәрежесін анықтау тиімсіз. Себебі, бала білім жинап жатқан тұсқа сәйкес келеді (олар үшін жер әлі теп-тегіс). Одан қалса, тест нәтижесі бойынша, балаға "екілік", "бестік", "үштік" секілді көрсеткіштер аса жағымды әсер сыйламайды. Өйткені, бір жолғы үш алған баланы ата-анасы келесі жолы қорғағысы келмей, демеусіз қалдырады. Ал бұл дегеніміз, таланттың іште бұйығып қалуына әкелуі әбден мүмкін.

Қандай пәндерді оқытқан дұрыс? Осы жаста көптеген қасиеттер мен әдеттер қалыптасады. Сол үшін ертеңгі күнде де хобби есебінде саналып қала беретін, қуаныш сыйлайтын істерді  атқартқан жөн. Әйтпесе, баласының үлкен болғанда теледидар алдында сыра ұрттап отырғанын қай ата-ана қалайды дейсіз?

Ендеше, мына пәндер: ән, әдебиеттік оқу, би, спорттық ойындар, ісмерлік, түрлі аспаптарда ойнап үйрену, сурет салу, мүсіндеу. Осының бәрі баланың болашақта мамандық таңдауында үлкен рөл атқарады.

Бастауыш сыныптағы міндетті пәндердің үйлесімі 1:1:1: болғаны дұрыс.

Қазақ тілі, математика, табиғаттану (жылына екі рет өлкені аралату), тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі сияқты пәндер нақты практикамен жүзеге асса: суға қалай жүзу, оқыс жағдайда өзін қалай ұстау керектігі, тағысын тағы толып жатқан мәселелерді психиатрлар мен педиатрлар балаға оқытып, ары қарай алып кете алады.

Физикалық тұрғыда мықты болу үшін: спорттық ойындардың тұрақты болғаны тиімді: футбол, күрес, бокс, т.б.

Эстетикалық тұрғыда дамуы үшін: танымдық пәндердің барлығы, оның ішінде табиғатты аялау мен жан-жануарларға қалай қарау керектігі. 

Сөйтіп, бала мектепті де бітіреді. Аттестатты қолға алады. Жүзінде жылу, бетінде күлкі, басы идея мен білімге толы бала кез келген ата-ана үшін қуаныш. Ол бала табиғатқа қарауды, өзіне қалай қарауды, өзгеге қалай қарауды толыққанды меңгерген бала болып шығады. Өзі бала болса да, үлкен кісіден бір де-бір кем түспейді...

Сурет: time.kz

684 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 08 мамыр 2012, 12:22
Пікірлер
+0
09 мамыр 2012, 14:18

ең алғашқы махаббатым-ай

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...