Кедейліктің шегі қайсы?

Кедейліктің шегі қайсы?

"Кедейлік" сөзіне анықтама беру өте қиын. Соған қарамастан, бүгінде кедейліктің түрлі көрсеткіштерін анықтайтын халықаралық стандарттар бар.
Біреу Nokia телефонының жаңа моделін сатып ала алмағаны үшін өзін кедей санайды, ал біреу тамақ ішуге ақша таба алмай жүр. Сонымен кедейлік деген не және оның шегі қайсы?...

Осы мәселені қозғай отырып, бүгін біз әлемнің ең кедей елдері және олардың не үшін кедей екендігі жайлы сөз қозғайтын боламыз.

Халықаралық валюта қоры CIA Wrold Factbook 2011 жылы әлемдегі ең кедей мемлекеттердің тізімін құрған болатын. Соның ішінде 10 елдің 9-ы Африка құрлығында орналасқан. Ескере кетсек, әрбір елдің байлығы оның ІЖӨ-ін (ішкі жалпы өнім) адам басына шаққанда шығатын сомаға сәйкес анықталады.

1. Конго Демократиялық Республикасы (ІЖӨ адам басына: $328)

Конго Республикасымен шатыстырудың керегі жоқ. Конго Демократиялық Республикасы 2010 жылы әлемдегі ең кедей мемлекет болып есептелді. Бұл мемлекет 1997 жылға дейін Заир ретінде танымал болатын. Сонымен қатар Конго француз тілі ресми тіл болып есептелетін әлемдегі ең үлкен мемлекет. Оның халық саны Франциядан 6 миллионға көбірек (Францияда 65 миллион адам болса, Конго ДР-да 71 миллион). 1998 жылдан бастау алған екінші соғыс Конго елін түгелдей ойран қылды. Кем дегенде 7 шетел әскері қатысатын бұл соғыста 5,4 миллион адам қаза тапты. Африкада бұл соғысты "Африкалық отан соғысы" деп атайды. 2010 жылы Конгода әр ай сайын 45000 адам қаза тапқан.

2. Зимбабве (ІЖӨ адам басына: $395)

Гиперинфляцияның арқасында Зимбабве әлемдегі ең кедей мемлекеттердің ішінен 2-орынға тұрақтады (2010 жылы 1-орында болатын). Алып инфляция осы елдің экономикасына үлкен зардап әкелді. Осы елде 100 000 000 000 долларлық купюрларды шығарады, бірақ бұл ақша тек 1-2 жұмыртқа сатып алуға ғана жетеді. Бір жыл ішінде мұнда тауар құны 1,1 күн сайын еселенеді.

Экономикалық проблемалардан бөлек, Зимбабведе орта есеппен алғанда, еркектер 37 жасқа дейін, әйелдер 34 жасқа дейін өмір сүреді. 

3. Либерия (ІЖӨ адам басына: $392)

Либерия Еуропа отарында болмаған санаулы мемлекеттердің бірі. Оның орнына  Либерияның негізін Америкадан қашқан құлдар қалаған. Бұл құлдар мемлекеттің элитасын құрып, АҚШ үкіметіне ұқсайтын үкімет құрды.

1980 жылы Либерия президенті тақтан түсірілгеннен соң, елде тұрасыздық пайда болып, азаматтық соғыс басталды. Нәтижесінде мыңдаған адам қаза тауып, Либерия экономикалық дағдарысқа ұшырады. Статистикаға көз жүгіртсек, қазіргі кезде Либерия халқының 90 пайызы күніне 1,25 доллар жұмсайды. Ең кедей мемлекеттердің үштігіне кіретін бұл елде жұмыссыздықтың деңгейі 85 пайызды құрайды.

Жалғасы келесі бөлімде 

Сурет: veved.ru, analytic-info.net

Ж. FM