Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Көлеңкеден қорқу керек пе?

Көлеңкеден қорқу керек пе?

Көлеңкеден қорқу керек пе?

Адам көлеңкесі туралы аңыздар мен әңгімелер қай дәуірде болмасын сөз болған. Көптеген елдерде адамдар көлеңкенің екінші адам екеніне сенген. Тіпті, олар көлеңкені адамның екінші «Мені» деп те ойлаған. Яғни адам рухының көрінісі есебінде санаған. Мифологиялық кейіпкер адамнан бөлініп шығып, өз иесіне қатер тудыруы мүмкін деген де сөз таратқан. "Қорыққанға қос көрінер" деген осы шығар. Жалпы адам баласы қызық жаратылыс екені даусыз. Түймедейді түйедей қылып, дүниені асты-үстіне шығарып жататыны бірінші рет емес. Шындығында, көлеңке деген – иесінен бөлінбес субстанция болып саналады. Және одан қауіп күту балалық болар...

Қызықты деректерге сүйенсек, поляктарда көлеңке Мора бұлты, славяндарда вампир және өлген адамның рухы болып саналады-мыс.

Адам көлеңкесі жайында ауыл арасында гу-гу көп. Мәселен, ер кісілер көлеңкені өзінен бөлініп шыққан қорқаққа санаса, әйел заты көлеңкелер түнде иесінен босанып шығып, сыртта жүреді деп қатты қорыққан.

Болгариялық аңызға сүйенсек, құдай өз көлеңкесінен құбыжық жаратқан екен. Әлгі құбыжықтың көлеңкесінен отынмен ұрғанда ғана, сиқыры мәңгіге жоғалып, алдын алуға болады деген сенім бар болып шықты.

Ең қызықты мистикалық сенім сербтерде. Ел аңызының айтуы бойынша, адам көлеңкесі иесінің ойына кіріп алып, есінен тандыруы мүмкін. Сондықтан болар, сербтер әлі күнге балаларына көлеңкесімен ойнауға қатаң тыйым салады. Әсіресе, қолмен ойнап, көлеңкенің үстіне секіруге. Аталған сенім ирландықтарда жақсы сақталған. Олардың ұғымында көлеңкені басуға болмайды екен. Басып кеткен жағдайда, жамандық шақыратын болып шықты. Кіп-кішкентай баланың өзі ауырып қалса да, көлеңкесін біреу-міреу басып кеткен ғой деп ырым шақыратын көрінеді. 

Славяндарда да көлеңке жайындағы аңыз-әфсаналар жеткілікті. Қорқынышты десек те болады. Адамның өлерінен бірнеше күн бұрын иесін көлеңкесі тастап кетеді-міс. Егер қылышпен, семсермен адам көлеңкесін сілтер болса, онда сол көлеңкенің иесі міндетті түрде өледі деп санаған. Иесі өле қалған жағдайда, көлеңкесі өзін қоярға пана таппай, алас ұрып кетеді деген тұжырымдар бар.

Ал белорусьтардың түсінігі өз алдына бір қызық. Бір кісі ауыра қалған жағдайда, қабырғаға көлеңкесін әкпен сызады екен. Ауырған адам бірден жазылып кетеді-міс. Оған қоса, адамдар ауырғанда ине жіп пен түйреуішті қосы лақтырып жіберген. Бәле-жәледен аулақтану үшін.

Алыс солтүстіктің де түсінік пен сенім турасында ешкімнен қалмасы белгілі. Олар жаңадан сатып алынған үйге ешкімді жолатпаған. Егер адам көлеңкесі іргетасқа түсіп кететін болса, онда сол үйдің ақысына адам жанын алады екен. 40 күннен соң, үй иесі өліп, әлгі үйдің жебеушісі болып сайланады екен.

Суреттер: ua-kinomania.livejournal.com liveinternet.ru 

4804 6
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 19 сәуір 2012, 11:41
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 14:32

Ақылға сыймайтын ұғым-түсініктер екен. Меніңше, көлеңкеден қорқудың қажеті жоқ. Көлеңке жарық пен күн сәулесі түскен кездегі адамның сұлбасы шығар. Кейде сол көлеңкенің бар екенін де ұмытып кетеміз.

+0
20 сәуір 2012, 04:35

Ақылға сыймайды...өмірдің өзі

+0
21 сәуір 2012, 00:36

Ақылға сыймайды десек те, әйтеуір осы көлеңкелерде бір тылсым күш бар екены сөзсіз........

+0
22 сәуір 2012, 10:22

:lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...