Оқи отырыңыз

Өзіңді өз бойыңнан биікпін деп ойламау да – биіктік.

Автор: Ғабит Мүсірепов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Түс көру - миға жаттығу...

Түс көру - миға жаттығу...

Түс көру - миға жаттығу...

Біздің түні бойы көріп шыққан түсіміз қиялға бай, ешбір сезімге бергісіз болып көрінеді. Осы турасында ғалымдардың өзі де түстің психологиялық мақсаттағы маңызын баса айтып жүр. Олар айтқан түс жайлы сөздердің әрқайсысында жан бар екен. Себебі, батырлар жырынан бастап, бергісі әдебиетке дейінгі аралықта түс туралы жеке тараулар да, тіпті, бүкіл шығарманың шешімін түске алып келіп тіреп қоятын сәттер де кездеседі. Мәселен, бір ғана «Абай жолындағы» Абайдың түсінде Тоғжанмен кездескені, онысы шын мәнінде Әйгерім болып шыққаны, киіз үйде жатқан жерінен атып тұрғаны түстің адам өміріндегі жетекші рөл атқаратынын көрсетпейді ме?! Ол аз десеңіз, кешегі ел билеген Абылай мен елді сүйреген Махамбеттің өзі де күні бұрын болатын оқиғаларды түстері арқылы біліп те отырған деседі.

Сонымен теорияға оралар болсақ, түс көру күні кеше болған эмоциялық көңіл-күй мен бастан өткерген оқиғаларды адам жадында сақтауға көмектеседі екен. Ол күні бойғы шешімін таппаған мәселелерді талқыға салып, келер таңда оларды шешуге бағыт-бағдар беретін көрінеді. Ал егер түстің негізгі мақсаты осындай болмаса ше?

Өткен айда Nature Reviews Neuroscience журналына Гарвард университетінің психологі, зерттеушісі Аллан Хобсонның адамдағы түстің болу мақсатын физиологиялық тұрғыдан зерттегенді қажет көретіндігі туралы көлемді мақаласы шықты. Онда ол мидағы процесс кезеңдерінде сезім жанданып, эмоциялар мен дауыстарды күні бұрын сезіне алады деген тұжырымды алға тартты.

«Көптеген түстердің аз уақыттың ішінде ұмытылып қалуы секілді дүниелерді сезімнің жандануына жатқызуға болады»- дей келе, Хобсон мырза - «Түсінде адамның немен айналысып тұрғанын денесі сезінбеуі мүмкін, алайда, миы спортпен айналысып тұрғанын біледі. Сол арқылы адамды шынайы өмірге дағдыландырады» - деп сөз сабақтаған.

Хобсон мырзаның зерттеуі бойынша, түс көру – сергектік кезінде дами түсетін, өмірі жұмыс жасап тұратын, сана-сезімнің қатарлас келген хал-ахуалы екен. Бұл енді неврологияның түс турасындағы түсінігін өзгертуі мүмкін.

Бірақ, бұған Нью-Йорк жоғары оқу орнының оқытушысы, невролог, дәрігер Р. Линас мүлде келіспейді. Ол Хобсонның түсінігіне таңғала отырып, бәрін физиология жаққа жатқыза беруге болмайды дейді. «Түс көру- сана-сезімнің қатарлас келген хал-ахуалы емес. Адам ұйқыдан тұрған кезде, түсінде көрген кескіндер мен бедерлерді алдында көріп тұрған дүниелермен байланыстырады. Және де есту мен сезіну нәтижесінде адамның көрген түсі сезім мүшелерімен байланысады» - деп қарсы пікір айтады.

Сонымен түс туралы зерттеушілеріміз өз пікірлерінде тұрақтап қалды. Шындығы сол, түс көру – адам миын жаттықтырады. Адам баласы күні бойғы көрген, басынан өткерген дүниелерге түс ішінде де шешім тапқысы, баға бергісі келеді. Нәтижесінде өмірдің ақ пен қарасы бір сараланып өтеді.


Сурет: stoletnik.ru

4484 0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 11:10
Пікірлер
+0
18 сәуір 2012, 12:11

қалай болғанда да, түс тегін нәрсе емес ;)

+0
18 сәуір 2012, 12:20

мен көрген түсімде болжамдап, өзім үшін бір шешім шығарамын :!:

+0
18 сәуір 2012, 13:31

түс көрмеген күнім жоқ........................................................

+0
18 сәуір 2012, 13:36

соңғы кездері жаман түстер көріп жүрмін

+0
18 сәуір 2012, 13:39

Менің түсіме көбінесе "жұлдыздар" кіреді)), мәз болып оянам да, жылағым кеп кетеді))

+0
18 сәуір 2012, 14:49

Мен біраз қалаларды араладым. Біраз жерлерде 5-10 жылдардан тұрдым. Алайда түсіме тек туған жерім, бала болып ойнаған мекенім ғана кіреді. Ол жерден 11 жасымда көшіп кеткен болатынбыз. Арада 20 жыл өтсе де сол мекенде, тауда ойнап жүргенімді жиі түсімде көремін. Оянып кетсем ғана Астанада тұратыным есіме түседі. Қайран туған жердің топырағы - неткен қасиетті десеңші(((((((((((((((((((

+0
24 сәуір 2012, 13:08

Менікі тура осындай... КІшкене күнімдегі шағын ауыл мен қараша үйіміздің қора-қопсысына дейін күнде көрем...

+0
24 сәуір 2012, 17:06

Мен секілді екенсің онда...

+0
18 сәуір 2012, 17:12

расында...

+0
18 сәуір 2012, 18:12

ұйықтау деген жақсы ғой...

+0
18 сәуір 2012, 19:53

мен соңғы кезде эротикалық түстер көріп жүрмін :oops: :oops:

+0
24 сәуір 2012, 15:20

Үйлену керек онда))))))))

+0
24 сәуір 2012, 15:28

ой нақ үйленбей-ақ.....

+0
18 сәуір 2012, 20:05

менің тустерім бірнеше сериялардан турады, бір түсім бітіп, қараңғы болып кетеді да екінші түс басталады :D . Шыныменде солай!

+0
24 сәуір 2012, 15:21

Түрік-кәріс сериалдарын жиі көргеннің салдары деген ой кептұр басыма....

+0
19 сәуір 2012, 01:00

менде тусти оте коп коремин. но кеиде не тус коргенимди умытып каламын :)

+0
19 сәуір 2012, 10:06

КЕйбір түстерімнен қорқамын...және өзімнен

+0
19 сәуір 2012, 14:28

Қорқынышты түстерді оянған соң ұмытуға тырысамын. Ал жақсы түстерді жақсылыққа жоримын.

+0
24 сәуір 2012, 15:36

алғаш көрген түсім әлі күнге есімде

+0
24 сәуір 2012, 16:07

Қатты шаршасам ғана, түс көруім мүмкін. Ал күнде күнде түс көруге уақыт жоқ :D

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»
Жүректерге тазалық сыйлаған «Театр көктемі»

Жылдың елеулі оқиғаларының бірі, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік...

Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.
Студент үшін ақша табудың тиімді жолы.

Өмір - кей кезде адамнан артық тәрбиеші.

Автор: Әсел Малік
Қара Питер кім еді?
Қара Питер кім еді?

Детективтің өмірі - ізденіспен өтетіні белгілі.

Автор: Әсел Малік

Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...