Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / XXI ғасыр білімі қандай болуы керек?

XXI ғасыр білімі қандай болуы керек?

XXI ғасыр білімі қандай болуы керек?

Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Әсіресе Қазақстанда. Білім жүйесіне жаңа емтихандар енгізіліп, мектепте білім беру жүйесі жаңартылып, ұйымдық-құқықтық құрылымдарға түзетулер енгізілуде. Осы атқарылған істерге қарай отырып, XXI ғасырда білім жүйесі қандай болу керек? деген сұрақ туындайды. Осы сұраққа Массагет.кз порталы жауап беруге тырыспақ.

№1. Пән

Ата-аналар балаларға көп салмақ түседі деп наразылық білдіреді. Оқушылар оқытылатын пәндердің көбі оларға қажет емес деп наразы болуда. Мұғалімдер болса, қазіргі балалардың сабаққа еш қызығушылықтары жоқ деп арыз айтады. Сонымен не істеу керек? Мүмкін оқушылар мен студенттерді шынымен кейбір пайдасы жоқ жалпы білімдік пәндерден босатқан дұрыс болар? Осы мәселеге келетін болсақ, гуманитарлық бағытта оқитын оқушылар физика пәнін оқуға мүлдем қарсы... 

"Бірақ, кейін өзіңнің балаң сенен есепті шығаруға көмек сұраса не істемексің?" деген сұраққа оқушылардың көбі: "Біріншіден, қажетті емес ақпарат тез ұмытылатынын ескере отырып, мен балама тіпті тартылыс күшін түсіндіріп беруім екіталай, екіншіден, менің балам мектепке барғанға дейін мектеп бағдарламасы мен білім беру жүйесі өзгереді, үшіншіден, мектепті үздік бітірген көп ата-ана үшінші сыныптың тапсырмаларын орындай алмайды" - деп жауап береді.

Жарайды... Дегенмен жан-жақты даму мәселесі ше?..

№2. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау

Барлық оқушылардың білім деңгейі бірдей емес, кейбірі жақсы оқитын болса, кейбірінің үлгерімі нашар. Нәтижесінде нашар оқитындар үлгерімі жақсыларды артқа тартып, озат оқушылар өздерінің қабілеттеріне сай білім ала алмайды. Өз кезегінде нашар оқитындарда комплекс пайда болады. Соның әсерінен аталған екі топ та өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алмайды.

№3. Қажетті нәрселерге көңіл бөле білу

Бүгінде мектепте жүргізілетін сабақтар - тек ҰБТ-ға дайындалу немесе дәріс оқу. Өмірде еш қажеті болмайтын фактілермен, формулалармен оқушылардың миын қатырады. Немесе схемалардың мән-мағынасын түсінбестен, тек емтиханды дұрыс тапсыру үшін аталған схемаларды қинап жаттатқызады және мұндай білімнің қысқа уақыт ішінде ұмытылып жататынын ерекше атап кеткен жөн. Нәтижесінде мектеп қабырғасынан білімді азаматтар емес, формулаларды жаттап алған тотықұстар шығады. Сондықтан қазіргі кезде сабақ беру жүйесін заманауи әдіспен жүргізген дұрыс. 

Біріншіден, зерттеушілік қызметті дамытқан жөн. Оқытушылар сұрақ қойып, ал оқушылар тек сол сұраққа ақпарат іздеп, интернет беттерінен реферат жүктеп қана қоймай, өздерінің ой-қорытындыларын көрсетулері қажет. Яғни, үйреншікті үй тапсырмаларын беруден бөлек, оқушылар қысқа зерттеу жұмыстарын жасаулары, нақтырақ айтқанда, ақпарат көздерімен жеке жұмыс істеп, ақпарат жинап, оны талдап, өз бағасын берулері керек, сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысын жасап және мұғалімдермен бірге байланыста әрекет жасаулары қажет. Мектеп осындай әдіс арқылы оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді.

Екіншіден, оқушылар жиі презентациялар мен көпшілік алдында сөз сөйлеулері қажет. Сонымен қатар презентациялар PowerPoint программасымен шектеліп қоймай, аудитория алдында қандайда бір проекті толықтай қорғаулары қажет. Бұл оқушылардың коммуникативті болуларын және өздеріне сенімділіктерін арттыруға үлкен үлес қосады.

Сурет: guardian.co.uk, fwnews.ru

18302 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 18 сәуір 2012, 18:47
Пікірлер
+0
19 сәуір 2012, 04:40

Осы мақаланы жазып отырған адам орта білім беру мекемелерінде жұмыс жасамаган сиякты гой? Ен бастысы басшылыкта..... Мектептін жагдайын коріп білмеген адамды басшы кылып койса онда жолын болсын дей бер... Біздегі мінстр ол мектепте басшылык жасамаган гой, тек жогары білім саласында тер токкен.... Сондыктан сайт болсын баспа соз болсын орта білім туралы жазу ушін сол салада тер токкен адамдар жазса екен деймін, ФИЗИКА пані бойынша айта кетерім Біздін еліміздеорта мектептін 95 пайызы жана заманауи физика кабинетімен жабдыкталган,... кызыгушылык жок деген мигада сыймайтын ангіме

+0
19 сәуір 2012, 04:45

Мугалімнін білім денгейне байланысты,..... соссын айта кетерім НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ ГИМНАЗИЯ ТУРІК ЖАНЕ КАЗАК ЛИЦЕЙІ ДАРЫН мектебі дегендерді кою керек ауылдык жерде ондай мектептер жок казактын негізі каймагы ауылда казіргі жасап жатырган мінстрде отыргандардын барі ауылдан емес аспаннан салбырап тускен сиякты... АУЫЛ баласы ауылда туган ушін окінетін жагдайга жетіп отырганын тусінсе екен деймін... жана акпараттык куралдар тек кала мектептерінде бар,, Ал ауылда сол баягы парта сол такта бор жыртылган ескі кітап кана, сосын айлыгы мардымсыз устаз..

+0
19 сәуір 2012, 10:05

Жүйелі әрі орнықты

+0
19 сәуір 2012, 11:31

жақсы жазылған екен...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Сын түзелмей мін түзелмейді
Сын түзелмей мін түзелмейді

Сын қабылдай аласыз ба?

Соңғы қоңырау
Соңғы қоңырау

Биік шыңдарды бағындыру үшін келеміз

Ктк арнасының назарына
Ктк арнасының назарына

Қазақ қай кезден жариялылықты хош көрмеген. Бұл нəрсе бүлікке əкеледі деп...

ШОКО ƏЛЕМ-5
ШОКО ƏЛЕМ-5

Аждан айдаһар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...