Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Дежа вю дегеніміз не? Мен бұны көріп қойғам...

Дежа вю дегеніміз не? Мен бұны көріп қойғам...

Дежа вю дегеніміз не?  Мен бұны көріп қойғам...

 ...Бейтаныс қалада жүрсіз. Көше қиылысынан өте бергенде, кенет тұра қалдыңыз. Таңғалып тұрсыз. Бұрындары бұл жерде болған сияқтысыз. Онда бәрі түсінікті. Бұл - дежа вю.

Дежа вюдың сөзбе-сөз аудармасы "бұрын көргенмін" екен. Алайда, тек  көру зейінімен ғана шектелмейді. Ол тіпті түрлі дауыстар мен иістер, әр түрлі сезімдердің араласуынан туындайды. 30 жасқа дейінгі аралықта, шығармашылық адамдарда дежа вю жиі қайталанып тұрады. Бұл туралы Дикккенс пен Толстой да, әрине, өз кезегінде Прус та "Жоғалған уақыттарды іздеу сапарында" жазып кеткен.

Біздегі ми жұмысының қызметі, оның ішінде жадты зерттеу тіптен қиын. Өйткені, жадтың ішінде не болып жатқанын ешкім де білмейді. Бірақ дежа вюдың не үшін болатынын және қай жерде өтетінін түсіндіруге болатын сияқты. Ең бірінші, маңдай тұстағы ми жұмысының бұзылуынан. Оған ауыр жарақаттардан бастап, қояншық ауруына дейін жатады. Қояншық ауруымен ауырар алдында, адамдар дежа вюмен біраз алысады екен. Өткен күннің елестері, рухтармен әңгімелесу, әртүрлі тылсым дүниелерге жауап іздеу - бәрі-бәрі адам жадында араласып жататын қойыртпақтар.

Бір қызығы, кейбір адамдар дежа вюдың ең оңай жолын ойлап тауыпты. Олар бұрынғы өмір тәжірбиесіне үңілу үшін маңдайларын қабырғаға соғады екен. Алайда, мұндай тәжірбеге сүйене қою қиын шығар.
Айтылып кеткен адамдардың ми бөлігінің физикалық қызметі бұзылған. Бірақ, дені сау адамдарда да өтетін дежа вюды қалай түсіндірсек болады. Олардағы дежа вю қалай өтеді?

Дежа вюға берер қысқа ғана түсінік: өзімізді-өзіміз алдайтындығымыз. Мәселен, үстел алдындағы жаңа әкелінген нан, қабырғада ілулі тұрған сағат тықылы, айна бетінде толқып тұрған күн сәулесі, терезеден келіп кірген иіс - кенет сіздің өткен күнінізде болған елестермен бірдей болып шықса ше?! Онда біздегі ми жұмысы қателеседі: "Мына тұрған бір тілім нанды бұрындары көргенім рас болса, одан басқа  дүниелерді де көргем рас".

Гиппркамп - мидың ерекше бір бөлігі. Ол жадымен қатар, адамның сол ортаға бейімделуіне де жауап береді. Біз оны жол іздегенде жиі пайдаланамыз. Мидың бұл бөлігі шопырлар қауымында өте жақсы дамыған. Түсінікті де, олар бүкіл қаланың көшесі мен қиылыс-қиылыстарын көз алдарына келтіріп отырады.

Ендігі әдемі жауап мүлдем басқаша: біз бұл көшені секунд бұрын көргенбіз, ал бірақ өткен күннің елесіндей қабылдаймыз. Шындығы солай. Көшені көрген бойда, ми бөлігіне хабарлама жібереміз. Бірақ та, біздегі ми бөлігі  секунд бұрын өткен деп сақтаудың орнына, бір жыл бұрынғыға сақтап қояды. Сөйтіп, дежа вю күйінен бір-ақ шығамыз.

Бұған қарама-қарсы ғалымдар ұсынған түсінік те бар. Біз көшеде өтіп бара жатып кішкене елестерге  берілеміз деп, өткен күннен ұқсастықтар іздейміз. Мысалы, тал астында тұрған қызыл көлік делік. Бізде яғни мида қызыл көліктердің қаншамасы сақталған. Дежа вю! Аталған ұқсастықтар ғылымда «mental maps» деп аталады. Бүгінгі мен өткен күннің елестері қат-қабат араласып, ми бөлігі қатпарланып кетеді.

Суреттер: diary.ru, freeoboi.ru

10531 9
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 04 сәуір 2012, 18:10
Пікірлер
+0
04 сәуір 2012, 19:29

тура осы мақаланы оқыған сияқтымын)))

+0
04 сәуір 2012, 21:34

Де жа Вюның не екенің білесің бе? Де жа Вюның не екенің білесің бе? :lol: :lol: :lol:

+0
04 сәуір 2012, 23:01

Дежа вю-Дежа вю!!!! бір жерден естіген сияқтымын!!!! :idea:

+0
05 сәуір 2012, 00:04

менде дежа вю өте жиі болад :)

+0
05 сәуір 2012, 08:48

әне, тағы бір сөз енді біздің тілге

+0
05 сәуір 2012, 10:36

даа, Дежа вю барлық адамдарда болатын сияқты :roll:

+0
05 сәуір 2012, 14:06

осы бұрын болған дегенге ше былай деп те адамдар айтады ғой: Алла Тағала адам дүниеге келер алдында бүкіл өмірін көз алдына көрсетеді екен, ал адам онын кейбір жерлерін есинде сақтап қалады екен,ал сол есинде калғандары осылай уақыты келгенде еске түсе береди екен. Сол рас па екен а ?????ким биледи???? :?: :?: :?: :?:

+0
06 сәуір 2012, 00:27

дәл осыны естігем...меніңше дұрыс

+0
07 сәуір 2012, 00:32

Мен дежавю сөзін ностальгия сөзімен синоним деп журсем ;)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?
Су сүлеймені жайлы естіп пе едіңіз?

Сырдарияның жағасында тұратындар білетін бір аңыз бар.

Автор: Әсел Малік
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Оқып шығыңыз,көңіліңізге тоқып шығыңыз!...

Бақытымды жалға беремін!
Бақытымды жалға беремін!

Өмірде өзіңді не өзгені бақытты ету үшін, не істемейсің?!

Өлім кейде мені іздей ме?
Өлім кейде мені іздей ме?

Төрт параллель темірдің арғы жағынан көкемнің бейнесі көрінеді.


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...