Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / ҰБТ-2012. Жас жауынгерге қысқаша нұсқаулық

ҰБТ-2012. Жас жауынгерге қысқаша нұсқаулық

ҰБТ-2012. Жас жауынгерге қысқаша нұсқаулық

Сендегі басты қару - білім мен өз-өзіңді ұстай білу қасиеті. Ал қалған білуге тиісті дүниелер мен атқарар борыштар алда. Ұлттық бірыңғай тестілеу арнайы дайындалған базда болады. ҰБТ турасында сіз бәрін білесіз бе?

ҰБТ- 2012 қалай өтеді?

А) Математикадан логикалық есептер қосылады.

Ә)  Металіздегіш құралдар қолданылады.

В) Ұялы телефондарға қарсы аппараттар дайындалады.

Г) Аудитория ішінде видео орналасады, ал оны кезекшілер сырттан қарап отыратын болады.

ҰБТ- 2012-нің басталуы

1. Түлектерді аудиторияға бір-бірлеп жібереді. Құжаттарды қоса тексереді.

Анықтама, құжат, жеке куәлік, өткізу қағазы мен оның түбіртегі өзіңізбен бірге болуы керек.

2. Түлектер бөгде заттарды алып кірмеуі үшін кезекшілер кіреберістің бойында жүретін болады. Мектеп түлектері бірдей аудиторияға кіріп болғанша бақыланады.

3. Әрбір түлек отырғызу қағазын алады, сол арқылы қағазда көрсетілген орынға барып отырады.

Әрбір түлек  өзіне тиесілі орынға отырғанын растау үшін отырғызу қағазының тұсына қол қоюы қажет.

4. ҰБТ уақыты басталды дегеннен, аудиторияға кіргізу тоқтатылады.

Аудитория ішіне ҰБТ-ның арнайы  кезекшілері мен Министірліктің қызметкерлері ғана кіре алады.

ҰБТ уақыты басталған сәттен бастап, сыртқа шығу мен ішке кіру есіктері тарс жабылады.

Бөгде адамдардың кіруіне мүлде рұқсат етілмейтін болады.

ҰБТ- 2012-нің барысында...

Қай ережелерді бұзуға болмайды? Сөйлесуге, орын мен сынақ кітапшасын ауыстыруға болмайды. Және көшіруге, шпаргалка, калкульятор, фотоаппарат, ұялы телефон байланыстары (пейджер, планшеттер, iPad, iPod, iPone, SmartPhone), ноутбук пен плейерлерді қолдануға рұқсат етілмейді.

Тәртіп бұзған жағдайда:

Ұстап алған жағдайда мемлекет қызметкері акт толтыруы мүмкін. Онда сіздің не нәрсемен ұсталғаныңыздың бәрі жазылатын болады.

Ережелерді бұзуыңызға байланысты Министірліктің қызмтекері сізді ҰБТ тапсыру құқығынан айыруы мүмкін. Ондай жағдайда мектепке барып, қайта емтихан тапсырасыз. Бірақ, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігіңіз болмайды.

ҰБТ- 2012-нің соңы!

1. ҰБТ соңында аудитория ішінде отырған түлектер саны  5 адамнан кем болмауы тиіс. Бұны сізге 45 минут ішінде ескертуі тиіс.
2. ҰБТ уақыты аяқталғанына қарамастан, емтихан қағазын ұстап отырар болсаңыз, онда жарамсыз қылып тастауы мүмкін. Мемлекет қызметкеріне "Уақытында өткізбеді" деп  акт жасауына болады. 

Дау бола қалған жағдайда:

ҰБТ-ны қайта тапсыруға арыз беруге болады.

ҰБТ аяқталған соң, мемлекеттік комиссия құрылады. Олар мектеп түлектерінің шағымдарын қарайды. Шағымдары расталып жататын болса, онда сіздің пайдаңызға балл қосылады. Айтпақшы, қорытындыны өздері шығарады.

Арызды қалай беруге болады?

1. Шағымды аппеляциялық комиссияның төрағасына жазасыз.

Шағымды қарау мен қорытынды шығару бір күн бойына жүргізілетін болады. Түскі 14.00-ге дейін шағым тастап үлгеруіңіз керек.

3. Шағым тапсыру кезінде өзіңізбен бірге жеке құжатыңыз бен ҰБТ-ға кіру рұқсат қағазын алып жүруіңіз тиіс.

ҰБТ -2012 аяқталды!

Сертификат пен аттестат өз қолыңызда!

Форумда талқылау

Суреттер: entguick.net 

633 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ла Лига
Қосылған күні: 29 наурыз 2012, 11:30
Пікірлер
+0
29 наурыз 2012, 12:33

мынаны оқып отырып өзім қорқып кеттім 8-)

+0
29 наурыз 2012, 13:26

ҰБТ құрсын

+0
29 наурыз 2012, 13:32

Осы тест дегенге қарсымын!

+0
29 наурыз 2012, 13:51

мен 2012 жылгы мектеп бітіруші жас тулекпін!нұсқаулығынызға рахмет!

+0
29 наурыз 2012, 18:22

Сәттілік :mrgreen:

+0
29 наурыз 2012, 19:18

рахмет! :)

+0
29 наурыз 2012, 15:06

Осы жыл сайын ҰБТ жақындаған кезде неге оқушыларды қорқытады екен? Теледидардан жарнаманы көргенде қорқынышты дыбыстардан өзім де қорқып кетемін :lol:

+0
29 наурыз 2012, 18:21

Звоноктағы қыз теледидардан шыққандай сезінесің бе өзіңді? :lol:

+0
30 наурыз 2012, 04:06

Келесі жылғы түлектер ҰБТ тапсыра алмайды-ау шамасы... Өкінішті... :(

+0
30 наурыз 2012, 18:15

Ақырзаман болатын шығар :lol:

+0
30 наурыз 2012, 20:12

ҰБТ -2012 аяқталды!

Сертификат пен аттестат өз қолыңызда!

Осы сөзді қашан естір екенмін :( ????

+0
31 наурыз 2012, 16:45

ыыыыыыы қорқынышты))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)

МЕН ӨТІРІКШІМІН...
МЕН ӨТІРІКШІМІН...

Мен ылғи өтірік айтамын, маған сенгендерге күліп қарап....

Қып-қысқа блог. Оқыңыз!
Қып-қысқа блог. Оқыңыз!

"Маған сенесіңдер ме?" дейді махаббат...

Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.
Мақсат-арманға жету жолындағы алғашқы баспалдақ.

"Мен істей аламын" демеңіз, "Мен істеймін" деңіз"!


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...