Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Интернеттегі ең қауіпті кәсіптер

Интернеттегі ең қауіпті кәсіптер

Интернеттегі ең қауіпті кәсіптер

Америкада жүйкеге тиетін жұмыс деп өрт сөндіруші мен полиция қызметін атайды, ал әлемдегі ең қауіпті мамандықтардың ішіне – көп қабатты үйдің терезесін жуу мен теңізде балық аулау кіреді. Өз кезегінде ең сәнді кәсіп ретінде «бір сағаттық еркек» саналады-мыс. Ал ерекше қауіп бәріміз сүйетін интернетте жатыр екен. Қандай қауіп? Физикалық емес, әрине. Назарларыңызға желіде миға ең қауіпті мамандықтарды ұсынамыз.

Контент модераторы

Психикалық денсаулыққа ең зиянды жұмыстардың бірі контент модераторы болып есептеледі. Аталған маман таңның атысынан күннің батысына дейін тыйым салынған (зорлық пен бұзылған) контентті қарап отыруы қажет. Модераторлыққа байланысты ең қызықты да атақты оқиға Google қызметкеріне байланысты: модератор қызметінде біраз уақыт жұмыс істеген қызметкер уақыт өте кез келген қарапайым суреттен ауытқулар көре бастаған. 

Жігітке осыдан соң, психиатр көмегін ұсынған. Дәрігер жігітке әке-шешесімен бірге түскен баланың, ғашық жұптардың суреттері секілді ешбір залалы жоқ фотоларды көрсеткен. Нәтижесінде жігіт оларды «қорлаушы және тез арады жоюға лайықты» деп бағалаған.

Спамер

Бұл қоғамның жек көретін санаулы кәсіптерінің бірі. Сондықтан оған бірден бірнеше драмалы оқиғаның байланысты екені ғажап емес. Адамдардың (электронды) поштасындағы «Сәлем, бақытқа кенелгің келсе, мына хатты оқып, жақын үш досыңа жібер» деген сияқты хат үйінділері әлі күнге дейін көптеген қолданушылардың ашуын шақырады.

Ресейдің ең атақты да табысты спамері Вардан Кушнир біреудің қолынан қаза тапты. Аталған фактіге пікір қалдырған қолданушылардың көбі өлтірудің себебін дәл осы кәсіби қызметтің негізінде болуы керек деп болжайды. Орынсыз іскерлік ұсынысты алудан шаршаған қолданушылардың бірі қатты ызаланып, осындай әрекетке барған шығар дейді.

Америкада да бұдан асып түспесе, кем түспейтін оқиға болды: «Іскерлік ұсыныстарды» жібергені және алаяқтық жасағаны үшін сотталған танымал спамер түрмеден қашып, жанұясын түгел атып тастаған және соңында өзіне қол жұмсапты.

Бағдарламашы

Бағдарламашылар – көбіне ерекше, ауыр мінезді, ымырасыз келеді. Олардың анекдоттар, бейімделгіштік, екіжүзді қайырымдылық әмірлік ететін ақылсыз позитивті әлемге сыймай кететін кездері болады.

Интернет-активист, RSS форматын жасап шығушылардың бірі және Reddit жобасының негізін құрушылардың бірі саналатын Аарон Шварц өмірін өз-өзіне қол жұмсаумен аяқтады – оған Массачусетс технология университетінің компьютерлік жүйесін бұзды және заңсыз түрде бес миллионнан астам ғылыми мақалаларды жүктеді деген айып тағылған болатын. Бұған қоса тағы бір қайғылы оқиға: әлеуметтік желіні бұзғаны үшін қамауға алынған хакер түрмеде асылып өлген.

SMM-менеджер

Бүгінге дейін әлеуметтік желі жұлдыздары мен қызметкерлерінің өз-өзіне қол жұмсағаны не болмаса ақылынан адасқаны жайлы ешбір оқиға жоқ: жұмыс оңай бірақ, жүйкені жұқартатыны рас.

Қызметкерлердің әлеуметтік желілерде шамадан тыс белсенділігінен жұмыстан шығарылған жағдайлар да аз емес. Солардың ең танымалдары: «Сбербанк» қызметкері корпоративті Twitter-де зейнеткерлер жайлы шімірікпей әзілдепті, «Аэрофлот» стюардессасы жеке блогында апатқа ұшыраған суперджетке «ыржиған».

Блогшы

«Блогшы болып жұмыс істеудің» де қаупі кем емес: кез келген уақытта айыппұлға ол былай тұрсын, сот талабына тап болуға болады.  Сондықтан қандай да бір сөзді қолданар алдында, ойланып алған абзал.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: gorod48.ru 

3263 5
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 30 сәуір 2013, 15:08
Пікірлер
+0
30 сәуір 2013, 16:04

Контент модераторы, SMM-менеджер, Блогшы :roll: :roll: :roll: сақ бол қарағым деші :P

+0
30 сәуір 2013, 19:45

Не дейд?

+0
02 мамыр 2013, 20:38

Модератор қауыптіма

+0
06 мамыр 2013, 23:34

контент-модератор жайлы картоп әңгіме екен,өз туыстарын танымайй,оебуууууу

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...