Нант университеті

Нант университеті

Нант университеті — Франциядағы студенттер саны бойынша екінші орында саналады (Париж I университетінен кейін). 2005–2006 жылдары мұнда 33000 студент оқыған.

Нант университеті 1460 жылдың 4 сәуірі күні Франциск II Бретонскийдің бастамасымен құрылды. Studium generale формасында құрылған университет сол кездегі бірнеше мамандықтарды оқытатын еді. Олар: теология, канондық құқық, азаматтық құқық, медицина және өнер. 

Құқық факультеті король шешімі бойынша 1735 жылдың қазанында жабылады. 1793 жылдың тамызында университет мүлдем жабылып қалады. Оны бірнеше басқа жоғары мектептер алмастырады.

1961 жылы университет өз жұмысын қайта бастайды. 1962 жылы жаңадан үш факультет қосылады: нақты ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар және құқық.

Нант университетінің факультеттері мен жоғары мектептері:

  • Құқық, экономика және басқару факультеті заң факультеті) Faculte de Droit et Sciences economiques et de gestion (Faculty of Law).
  • Денсаулық сақтау факультеті (медициналық факультет) Faculte de Sciences (Faculty of Sciences).
  • Жаратылыстану ғылымдары факультеті (Faculte de Sciences).
  • Тілдер факультеті (Faculte de Langues).
  • Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті (Faculte de Lettres et Sciences Humaines).
  • МСК (IUT).
  • Жоғары политехникалық мектеп (Ecole Polytechnique de Nantes).                                                      

Университет жөнінде толық мағлұматты мына жерден ала аласыз: www.univ-nantes.fr 

сурет: nicetransfer.com 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Б. Қосмағамбет