Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Еуропа / Карлсруэ университеті

Карлсруэ университеті

Карлсруэ университеті

Карлсруэ университеті Германияның ең ежелгі техникалық жоғарғы оқу орны болып табылады. Ол 1825 жылы бірнеше мектептердің қосылуы нәтижесінде іргесі қаланды. 1768 жылы құрылған сәулет-сызба мектебі мен 1807 жылы құрылған инженерлік мектеппен қосылу барысында жаңа техникалық Карлсруэ институты ашылды.

Институт 1899 жылдан бастап, ғылыми дәрежелерді бере бастаса, 1902 жылдан бері Ұлы Герцог Фридрих I Баденский есімімен атала бастады. Ал 1967 жылдың 5 шілдесінен бастап, техникалық институт Карлсруе университеті мәртебесіне ие болды.

Карлсруэ университеті - профильдік техникалық ЖОО. Оның ішінде инженерлік және техникалық ғылымдарды тереңдетіп оқытады. Солай дегенмен де, гуманитарлық және техника-экономикалық мамандықтарды даярлауда да мықты оқу орны болып саналады. Университет қала орталығына жақын орналасқан. Университет қалашығы барлық бөлімшелерін тұтастай өзіне сыйдыра алған.

Университет құрамында 120 кафедра және 11 факультет бар: математикалық, физикалық, химия-биологиялық, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, сәулет, инженер-құрылыстық, машина жасау, технологиялық, электротехникалық, экономикалық және информатикалық. Оның ішіндегі ең беделдісі информатика, машина жасау және экономикалық факультеттер болып табылады. 

Германиядағы ең алғаш инженерлік химия факультеті 1969 жыл Карлсруэде ашылса, информатика факультеті 1972 жылы ашылған. Ол Еуропадағы ең үздік болып есептеледі. 

Университеттің компьютерлік орталығы - неміс ЖОО арасындағы ең үлкені және заманауиы болып табылады. 2001 жылы Неміс Зерттеу Бірлестігі Карлсруэде Наноқұрылымдардың Функционалдық Орталығы атты өздерінің зерттеу орталығын ашты. Бұл орталық нанотехнологиялық зерттеу орталықтары арасында Еуропадағы ең үздігі болып саналады.

Бұл университеттегі тыңдаушылар саны 18 мыңнан асса, профессорлар саны 300-ге таяу. Университетттің жалпы қызметкерлерінің саны 4 мыңдай адам. Ректоры - Хорст Хипплер.

Шетел студенттерінің саны - 20%, бұл жалпы Германиядағы ең үлкен көрсеткіш. Карлсруэ университеті Батыс жән Шығыс Еуропа, Америка, Қиыр Шығыс елдерінің ЖОО-мен тығыс байланыс орнатқан.

Дәл осы оқу орнында неміс ғалымы Генрих Герц электромагниттік толқындардың бар екенін ең алғаш дәлелдеп шықты. Сондай-ақ, бұл университетте автокөлік саласындағы өнертапқыш Карл Бенц пен америкалық сутегі бомбасының "әкесі" Эдвард Теллер оқыған.

2006 жылы өткен байқауда Карлсруэ университеті Германиядағы ең элиталық ЖОО болып танылды.

сурет: studybridge.com

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

2779 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 26 қыркүйек 2012, 14:16
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...