Германиядағы жоғары білім беру жүйесі

Германиядағы жоғары білім беру жүйесі
Фото: http://peopleandcountries.com/

Шетелде білім беру өте сапалы жүреді, соған қарай ақысы да қымбат тұрады. Дамыған елдер студенттердің білім алу дәрежесіне баса назар аударады. Нәтижесінде әр түрлі қызметтерге жаңа маман қабылдағанда қиындық тумайды.

Сондай елдердің біріне Германия кіреді. Неміс халқы жаратылысынан туралықты ту етіп ұстайды. Олар бос сөзділікті, жеңіл қарым-қатынасты көтере алмайды. Айтылған сөздің бәрін бірден іс жүзінде көріп отыруды қалайды. Немістер үшін сапалы білім – жетістік желкені, бір ғана адамның сәттілігі емес, бүкіл елдің дамуы деп ұғады.

Германияның барлық ЖОО-лары негізгі үш түрге бөлінеді: терең білімге құрылған классикалық университеттер, техникалық және педагогикалық бағытқа бөлінген колледждер және бір ғана бағытқа баратын жоғары мектептер. Іргетасы қаланғаннан кейін олар оқудың көп бөлігін тәжірибеде өткізеді.

Барлық Жоғары оқу орынында мекемеге келген студент алдымен екі жыл базалық білім алады. Содан кейін ғана өз мамандығының маңайын енеді. Мемлекеттік емтихан тапсырып, жақсы көрсеткіш көрсеткенде ғана диплом қолдарына тиеді.

Германия Жоғары оқу орнына түсу үшін тек орта мектептен алған біліміңіз жарамайды. Сонымен бірге, міндетті түрде, неміс және ағылщын тілдерін үйрететін, басқа да дайындық курстарын оқып қана ЖОО-ға түседі.

@. @assel_assanova