Лондон империялық колледжі

Лондон империялық колледжі

Сипаттама: Лондон империялық колледжі - Лондон университетінің тәуелсіз бөлімі. Колледж ғылыми-техникалық оқу орындары рейтингісінде екінші орын, Еуропаның үздік университеттер рейтингісінде үшінші орынды иеленді. Оқу ғимаратының қабырғасы 1907 жылы Альберт ханзаданың бастамасымен Корольдік тау істері колледждері мен Қалалық кәсіптік колледжді бірлесуінің арқасында қаланды. Кейінірек оның құрамына екі медициналық мектеп пен Ұлттық жүрек және өкпе институты, Кеннеди атындағы ревмотология институты және де Корольдік мамандарды жетілдіру медицина мектебі кірді.

Орналасқан жері: Империялық колледж Лондон қаласының орталығында орналасқан.

Оқуға түсу тәртібі: орта мектепте алған бағасы өте жоғары болуы керек және де ағылшын тілін білу деңгейі IELTS — 6.5, TOEFL — 600 төмен болмауы шарт.

Оқу құны (бір академиялық жылға): 

инженерлік мамандықтар - 17500 фунт,

биоинженерлік мамандықтар - 16350 фунт,

химия мамандықтары - 17350 фунт,

математика мамандықтары - 13700 фунт,

медицина мамандықтары - 31900 фунт.

9 (12) ай бойы жатын орын мен тамақтануға шамамен 9000 (11000) фунт қажет.

Факультеттер: аэронавтика, биоинженерлік, компьютер ғылымдары, электрикалық және электронды инженерлік, Ұлттық жүрек және өкпе институты, неврология және психология, менеджмент, экономика т.б.

Колледж қабырғасынан 14 Нобель сыйлығы лауреаты шыққан, соның ішінде пенициллинді ойлап тапқан сэр Александр Флемингті ерекше атап өтуге болады.

Суреттер: gidtravel.com, studybridge.com.ua, flickr.com 

Ж. FM