Үнді елінде білім алғыңыз келе ме?

Үнді елінде білім алғыңыз келе ме?

Үндістан үкіметі қазақстандық студенттерге 2013-2014 академиялық жылға үнді университеттерінде білім алуды ұсынады. Қазақстандық үміткерлер бакалавриат, магистратура және де доктарантура дәрежелері бойынша тегін білім алатын болады.

Мамандықтар: бухгалтерлік есеп және сауда, іскерлік басқару, зерттеу мамандықтары, өнер мен гуманитарлық мамандықтар. Сонымен қатар, толығырақ ақпаратты www.iccrindia.net веб-сайтынан біле аласызар.

Қойылатын талап: Үміткерлер Үндістан елінде жоғары білім алу үшін ағылшын тілін жетік меңгерген болуы қажет. Өтінім тәртібі жайлы толығырақ ақпаратты Үнді мәдени орталығында білуге болады: Астана қаласы, С-15-А, телефон: 24-14-72, 24-32-92 немесе Үнді елінің елшілігінде: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, «Каскад» бизнес орталығы, 5-қабат (телефон: 92-57-00, 92-57-01, 92-57-02, 92-57-03).

Қабылдау мерзімі: үміткерлердің оқуға түсу өтінімдері 2013 жылдың 31 қаңтарына дейін жіберілуі тиіс.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: kolumb.kz

Ж. FM