Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / Қазақстан / Назарбаев университеті - жастардың арманы

Назарбаев университеті - жастардың арманы

Назарбаев университеті - жастардың арманы

Сипаттама: еліміздің ең ерекше оқу орны - Назарбаев университеті Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған жаңа университет. Университет миссиясы - Қазақстанда білім мен ғылыми-зерттеу қызметінің дамуына мүмкіндік беру, сонымен қатар Астананың Еуразия орталығында зерттеу және білім беру орталығын қалыптастыру. 

Университет өзіндік білім стандарттары бойынша жұмыс істейді. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты профессорлар дәріс береді. 

Жатын орын мен тамағы: студенттердің университет жатақханасында жайлы тұрулары үшін барлық қажетті жағдай жасалған: жиһаз, Интернетке кіру, кір жуатын орын, сабақ оқуға арналған бөлмелер бар. Бұл оқу орнында тек мемлекет тарапынан тағайындалған грант иегерлері оқитындықтан, негізінен жатын орын мен тамақтану тегін (күніне 4 рет). 

Оқуға түсу: талапкерлер университет алдындағы дайындық бағдарламасына түсу үшін тапсырылатын емтихандарға тіркелу онлайн сауалнамасын толтырулары қажет.

Назарбаев университетіне қабылдану мына кезеңдерден тұрады: 

I. British Council English Proficiency Test (BCEPT);

BCEPT емтиханына British Council (Британдық кеңес) әкімшілік етеді. Аталған BCEPT емтиханын тапсыру үшін талапкерлерде өздерімен бірге мынадай құжаттары болуы керек:  

а. Жеке куәлік немесе паспорт түпнұсқасы (көшірмелер қабылданбайды);

ә. Білім беру ұйымы директорының (деканының) қолы мен мөрі бар орташа балы 4.0-ден кем емес ағымдағы жыл ішіндегі соңғы екі тоқсанды қамтитын табельдің немесе сынақ кітапшасының көшірмесі.

II. Ағылшын тілінде  өткізілетін Subject Entrance Test (SET) (Пәндік тест);

BCEPT емтиханынан өткен талапкерлер University College London (UCL) өткізетін Subject  Entrance Test (SET)-ке шақырылады.

Мектеп таңдауына байланысты үмтікерлер төменде көрсетілген пәндер бойынша сынақтан өтеді:

Жалпы пәндік емтиханнан өту баллы 50% (минимум), ал әрбір пән бойынша 43%-дан кем болмауы тиіс.

Инженерия мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология

Ғылым және Технологиялар мектебі (екі жұптың біреуі) - Математика және физика/Химия және биология

Премедицина бағдарламасы - Химия және биология

Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі - Сыни ойлау және математика

III. IELTS емтиханы

Ресми және мерзімі бойынша жарамды TOEFL(PBT/ iBT) немесе IELTS сертификаттары бар талапкерлер IELTS емтиханынан босатылады.
 
TOEFL (PBT/iBT) және IELTS  емтихандарының ең төменгі өту балдары: 

Инженерия, Ғылым және Технологиялар мектептері мен Премедицина бағдарламасы үшін: TOEFL(pbt) - 530, TOEFL(ibt) - 71; IELTS - 5.5

Гуманитарлық және Әлеуметтік ғылымдар мектебі үшін: TOEFL(pbt) - 550, TOEFL(ibt) - 79-80; IELTS - 6.0

Толық ақпаратты nu.edu.kz  сайтынан алуға болады.

Форумда талқылау

Суреттер voxpopuli.kz сайтынан алынған

13563 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 01 наурыз 2012, 13:00
Пікірлер
+0
01 наурыз 2012, 16:14

Назарбаев университетіне барамыз блогкампта ) бұйыртса )

+0
01 наурыз 2012, 16:22

Мен түсінбеймін! Неге Назарбаев??? :evil:

+0
01 наурыз 2012, 16:44

Аты емес, заты маңызды ғой! Сондықтан, атында тұрған ештеңе жоқ шығар )

+0
01 наурыз 2012, 16:51

Тірі адамға ескерткіш орнатты, атын қойды университеттің, енді Фурманова кошесі мен Астана қаласын өзгерту ғана қалды! Кезіндегі сталиннің жолымен келе жатыр бұлсұлтан! [img] http://i.smiles2k.net/big_smiles/0021.gif [/img]

+0
01 наурыз 2012, 17:10

Сен президент болсаң, не істер едің? жемір болып кетер едің ғой!

+0
01 наурыз 2012, 17:14

мен президент болсам Қазақстан асылданып кетер еді! Асыл Астана, АсылОтан, Асыл.кз, Асыл университет деп.... Қайта сенің болмағаныңа шүкір, әйтпесе қолымызға таяқ ұстабап аттандап жүрермек)))

+0
01 наурыз 2012, 17:18

Негізінде сенің болмағаның дұрыс екен! Мен үміткер болғанмын! Әй сол НАН болмағанда, баяғыда-ақ президент болып, ҚР тәртіп енгізер едім!

+0
25 қазан 2013, 13:42

Қазақстанда бай адамдар көп, бірақ тұңғыш өз қаржысына университет салған адам - Назарбаев. Сондықтан, университеттің Назарбаев аталуына еш қарсылығың жоқ шығар)))

+0
01 наурыз 2012, 16:27

Назарбаев университетінің аты мықты осы жақта оқитындар арман бар ма

+0
24 қыркүйек 2012, 15:54

балық жағдайы жасалған университеттердің бірден бірі. Қазақстанда осындай университет бар дегеннің өзі қандай қуантарлық. Аты мықты Назарбаев университетінде басы мықтылар оқитын болу керек...

+0
01 наурыз 2012, 17:22

Кембриджге жетпейді дейді!

+0
01 наурыз 2012, 17:24

Есесіне Қазақстанның Кембриджі.

+0
01 наурыз 2012, 17:26

Қазақстан коррупциясымен қандай кембридж құрмақшы?????

+1
19 сәуір 2012, 17:19

Осы біздің мыкты университеттерге түсу ушін агылшын тілін жетік менгеру керек екен орыс тілін жетік білу шарт.... күлкілі естіледі екен менін ойлатыным неге озге тілді игеру керек.. Агылшын, орыс тілінін маселесін неге шешуіміз керек ол тілді агылшындар мен орыстар шешсінде неге казактар шешу керек.... Осындай кабылданган ойсыздардын шарттары тілге апат әкелетін шыгар... Сосын менін бір білетінім казак тіліндегі мектепте окудын кажеті жок екенін уктым... Керісінше агылшын немесе орыс мектебінде оку кажет сиякты.... КАЙРАН КАЗАГЫМ ТІЛІН ЖЫЛДАН ЖЫЛГА ПАЙДАГА АСПАЙ КАЛАТЫН ШЫГАР....

+1
25 қазан 2013, 13:49

Осы жақтың аты басында көп естіліп кетіп құлақты жарып еді соңғы кезде тынышталып қалды ғой. Назарбаев университеті болып үздік шығыпты дегенді ести алмай жүрміз. Бұл қалай болды?

+0
13 маусым 2016, 18:07

Құрметті Ақылбек, менің ұлым осы университетте оқиды, сондықтан ол жердегі оқу туралы жағдайды мен білемін. Біріншіден, орыс тілін білу міндетті емес. Өзімнің ұлым қазақ мектебін бітірген. Екіншіден, оқыту шынымен де ағылшын тілінде жұргізіледі, өйткені мұғалімдері шет елден, озық университетінен келген азаматтар. Қазақшаны олар білмейді. Үшіншіден, қазақ тілі барлық студенттерге міндетті түрде оқытылады. Арнайы қазақ тілі кафедрасы да бар. Ай сайын әр түрлі іс-шаралар өткізеді олар. Сондықтан, жағдайды білмей айтуға болмады ғой, бауырым. Қайта қуанбаймыз ба ондай дәрежедегі университет болғанына мемлекетімізде!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...